Мосул әуежайын түріктер жөндейді
Мосул қаласындағы халықаралық әуежайды екі түрік компаниясы жөндейді.
Ирактың Мосул қаласындағы халықаралық әуежайды екі түрік компаниясы жөндейді.
Мосул әкімі Нежим ел-Куббури баспасөзге жасаған мәлімдемесінде Мосул әуежайының жөндеу жұмыстарының халықаралық тәжірибелі "TAV İnşaat ve 77 İnşaat" серіктестігіне берілгенін айтты.
Куббури бұрын ішкі рейстер үшін пайдаланылған Мосул әуежайының халықаралық әуежайға айналғанын, фирмалармен келісім-шартқа қол қойылғанын мәлімдеді.
Мосул әкімі жөндеу жұмыстарының жақын арада басталатынын және бұл әуежайдың Мосул мен бүкіл Ирактың әлемге шығатын қақпасы болатынын айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Түркияда жұмыссыздық азайды
Жұмыссыздық деңгейі өткен аймен салыстырғанда 0,1 ұпайға төмендеп, 8,5 пайызды құрады.
Бодрум ауданына круиздік кемемен туристер келді
277метрлік Багам туы бар алып кеме Бодрум круиз портына келіп тоқтады.