Шай экспорты артты

Бельгия, Германия және Біріккен Араб Әмірліктері шай экспортында алғашқы үш орынды иеледі.

1839265
Шай экспорты артты

Жылдың қаңтар-мамыр кезеңінде Түркиядан шай экспорты 15 пайыздық артумен 9 миллион 801 мың 535 долларға жетті.

Шығыс Қаратеңіз Экспортшылар одағы Әкімшілік кеңесі төрағасының орынбасары Ахмет Хамди Гүрдоған қаңтар-мамыр кезеңінде 2 мың 982 тонна шай экспорт етілгенін айтты.

Ахмет Хамди Гүрдоған:

"Бельгия, Германия және Біріккен Араб Әмірліктері шай экспортында алғашқы үш орынды иеледі. Бельгияға 2 миллион 237 мың 680 долларлық, Германияға 1 миллион 484 мың 780 долларлық,  Біріккен Араб Әмірліктеріне 1 миллион 248 мың 404 долларлық шай сатылды" деді.

Экспорттағы артумен бірге экспорт етілген ел де көбейгенін айтқан Гүндоған өткен жылдан өзгеше Венгрия, Кот-д'Ивуар, Камерун, Экваторлық Гвинея, Гамбияға, Кенияға, Эстонияға, Чехияға және Майоттаға да шай экспорт етілгенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар