Мицотакис Ресей газына көп ақша төлегенін айтты

Кирякос Мицотакис Еуроодақтың Ресейдің көмірсутегі байлығына тәуелділіктен тезірек құтылуы керектігін айтты.

1832526
Мицотакис Ресей газына көп ақша төлегенін айтты

Грекия премьер-министрі Кирякос Мицотакис Ресейге көгілдір отын үшін өте жоғары баға төлеп отырғандарын мәлімдеді.

Кирякос Мицотакис Швейцарияның Давос қаласында Дүниежүзілік Экономикалық форумның арнайы сессиясында Грекия экономикасы мен аймақтық оқиғаларға баға берді.

Кирякос Мицотакис Еуропа Одағының Ресейдің көмірсутегі ресурстарына тәуелділіктен тезірек құтылуы керектігін айта отырып, жаңартылатын энергия көздеріне баса назар аударып, энергияның әртүрлілігін арттыру керектігінатап айтты.

Мичотакис ЕО-ның табиғи газды жаппай сатып алуы керек деп санайтынын білдіріп:

"Біз Ресейге табиғи газ алу үшін астрономиялық баға төлейміз. Бұл газ нарығындағы шындықты көрсетпейді" деді.

Мицотакис Украина соғысынан кейін ЕО қорғанысқа көбірек көңіл бөлуі керек екенін айтып:

"Тіпті көп қаржы жұмсауымыз керек, алайда қаржыны ақылды жұмсаған жөн. Қорғаныс жүйелерімізді бақылауымыз, тіпті көп бірлескен жұмыс мүмкіндіктерін қарастыруымыз керек" деп көрсетті.

Грекияның Еуроодақтың стратегиялық тәуелсіздігін қалайтынын айтқан Мицотакис:

«Еуропаның НАТО-ның қатысуынсыз өз бетінше әрекет етуге тура келетін кездері болады» деген сөз тіркесін қолданды.



Ұқсас жаңалықтар