Renault компаниясының барлық активтері Ресей мемлекетіне өтті

Компаниямен келісімге қол қойылды.

1827523
Renault компаниясының барлық активтері Ресей мемлекетіне өтті

Ресейдің Индустрия және сауда министрлігі француздық Renault автокөлік компаниясының Ресейдегі барлық активтерінің Ресей мемлекетіне өткенін хабарлады.

Ресей Индустрия және сауда министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде компанияның Ресейдегі барлық активтерін Ресей үкіметі мен Мәскеу муниципалды әкімшілігіне беру туралы Renault компаниясымен келісімге қол қойылғаны айтылды.

Келісімге сәйкес, Renault Russia компаниясының барлық үлесі Мәскеу муниципалитетінің әкімшілігіне берілді, ал француздық компанияның елдегі ең ірі автокөлік компаниясы Автоваздағы 68 пайыздық үлесі ресейлік NAMI институтына өтетіні атап өтілді.

Мәлімдемеге қарағанда, Renault компаниясының Автоваздағы үлесін 6 жыл ішінде қайтарып алуға құқығы бар.

Ресейдің Индустрия және сауда министрі Денис Мантуров 27 сәуірде Renault компаниясының Ресейдегі активтері символдық «1 рубльге» ауыстырылатынын мәлімдеп, компания Ресейдегі жұмысын тоқтатқандықтан балама іздеу керек екенін айтқан еді.

Renault Ресейге жасалған санкцияларға байланысты Ресейдегі зауытында өндірісті тоқтатуға шешім қабылдап, Автоваздағы жағдайды қайта қарап жатқанын хабарлаған болатын.

Ресей президенті Владимир Путин де елден кетуге шешім қабылдаған шетелдік компанияларға мемлекет басшылығын тағайындау туралы үкіметтің ұсынысын қолдаған еді.

24 ақпанда Украинаға қарсы басталған соғысқа байланысты Ресейге түрлі санкциялар салынуда.



Ұқсас жаңалықтар