АҚШ Ресей және Беларусьпен сауданы тоқтатты

АҚШ-тың Ресей және Беларусьпен қалыпты сауда қарым-қатынастарын тоқтату заң жобасы Сенаттағы 100 сератордық толық "мақұл" дауысымен қабылданды.

1809045
АҚШ Ресей және Беларусьпен сауданы тоқтатты

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Сенаты АҚШ-тың Ресей және Беларусьпен қалыпты сауда қарым-қатынастарын тоқтату заң жобасын мақұлдады.

АҚШ президенті Джо Байденнің Ресейдің Украина шабуылдарына орай осы елмен қалыпты сауда қарым-қатынастарын тоқтату шешімінен кейін аттанған Конгресс тың қадам басты.

Конгресс мақұлдауды қажет еткен процестің алғашқы қадамында Өкілдер Мәжілісінде  17 наурызда Республикашыл 8 депутаттың "жоқ" дауысына қарсы 424 депутаттың "мақұл" дауысымен қабылданған заң жоба процестің екінші қадамында Сенат Жалпы Кеңесінде мақұлданды.

АҚШ-тың Ресей және Беларусьпен қалыпты сауда қарым-қатынастарын тоқтату заң жобасы Сенаттағы 100 сератордық толық "мақұл" дауысымен қабылданды.

Заң жобасы президент Джо Байденнің қол қоюымен заңдасады. АҚШ-тың аталмыш екі елге жоғары кеден салығын салуына, көптеген өнімнің экспорт-импортн шектеуге, АҚШ-пен осы елдер арасындағы барлық сауда іс-шараларының қиындасуына мүмкіндік береді.



Ұқсас жаңалықтар