Ресей көптеген өнімнің экспортын шектеді

Ресей үкіметі 200-ден астам өнімді экспорттаудың 2022 жылдың соңына дейін уақытша шектелгенін жариялады.

1793420
Ресей көптеген өнімнің экспортын шектеді

Ресей үкіметі кейбір жабдықтар мен өнімдерді экспорттауды шектеді.

Ресей үкіметінен жасалған жазбаша мәлімдемеде 200-ден астам өнімді экспорттаудың 2022 жылдың соңына дейін уақытша шектелгені хабарланды.

Мәлімдемеде аталмыш өнімдер арасында технология, телекоммуникация, медицина, автомобиль, ауыл шаруашылығы және электорникалық жабдықтар бар екені білдірілді.

Темір жол көлігінің жабдықтары, контейнер, турбиналар, металл және тас өңдейтін машиналардың да шектеме көлеміне кіргеніне меңзелген мәлімдемеде мониторлар, проекторлар, консоль және панельдерді экспорттау да тоқтатылғаны білдірілді.

Экспорт шектемесінің Еуразия Экономикалық одағына мүше елдер сыртындағы барлық елдерді қамтығаны жазылған мәлімдемеде Ресейге "дос емес" қадамдар басқан елдерге ағаш экспортының да уақытша тоқтағаны жарияланды.

Ресей президенті Владимир Путин 8 наурызда үкімет белгілейтін кейбір өнімдер мен шикізаттардың экспортын шектеуге бұйрық берген болатын.



Ұқсас жаңалықтар