Криптовалюта өндіруге тыйым салды

Косово криптовалюта өндірісіне тыйым салды.

1757725
Криптовалюта өндіруге тыйым салды

Косово жаһандық энергетикалық дағдарыс тудырған жағдайлардың жағымсыз әсерлеріне байланысты бүкіл елде криптовалюта өндірісіне тыйым салды.

Косовоның Экономика министрі Артане Ризванолли әлеуметтік медиа аккаунтында жасаған мәлімдемесінде өткен жылдың соңында энергиямен қамтамасыз етудегі төтенше шаралар үшін құрылған Техникалық комитеттің ұсыныстарына сәйкес бүкіл Косовода криптовалюта өндірісіне тыйым салу туралы шешім қабылдағандарын айтты.

Ризванолли комитеттің жаһандық энергетикалық дағдарыстың тудырған теріс әсерлеріне қарсы шараларды анықтау және кеңес беру үшін екі отырыс өткізгенін мәлімдеді.

«Осы техникалық комитеттің ұсынымдарына сүйене отырып, мен өткен аптада Косово Республикасының аумағында криптовалюталарды өндіруге тыйым салатын Төтенше шаралар туралы шешім қабылдадым» деді ол.

Ризванолли құқық қорғау мекемелерінің осы шешімге сәйкес крипто өндірісі орындарын анықтайтынын және барлық тиісті мекемелердің қолдауымен аталған әрекеттерді тоқтататынын атап өтті.

Министр Ризванолли Косово халқының өмір сүру жағдайын одан әрі қиындатпай, энергетикалық дағдарысты еңсеруді мақсат еткендерін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар