Түркияның тұқым экспорты артты

Хажы Өмер Гүлер Түркиядан 93 елге тұқым экспорт еткенін білдірді.

1753832
Түркияның тұқым экспорты артты

Түркиядан 93 елге тұқым экспорт етілуде.

Тұқым өндірушілер төменгі одағы Әкімшілік кеңесінің төрағасы және Түркия Тұқым өндірушілер одағы Әкімшілік кеңесінің мүшесі Хажы Өмер Гүлер тұқым секторының өндірісі соңғы 20 жылда 8 есе артқанын айтты.

Өткен жылы тұқым экспортының 190 миллион доллар, импортының 170 миллион доллар болғанын айтқан Гүлер сектордың жалғасты дамығанын білдірді.

Хажы Өмер Гүлер Түркиядан 93 елге тұқым экспорт еткенін айтып:

"20 жылда жылдам дамыған Түркия тұқым секторы қысқа уақытта импортты қамдауда 100 пайызға жетеді. Сенімді жоғалтпау керек" деді. 

Гүлер жергілікті тұқым жөнінде жүздеген түр жетілдірілгеніне назар аударып:

"Болашақта сусыздық болуы, өнімнің төмендеуі мүмкін. Осыған байланысты шаралар жасала бастады. Мемлекеттік институттар мен жекеменшік салаларда жұмыстар мұқият жалғасуда" деді.



Ұқсас жаңалықтар