Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1752151
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоғанның басқан қадамы арқылы Түрік лирасы қайта қалпына келе бастады» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоғанның экономикада басқан қадамымен Түрік лирасы тарихи құлдыраудан кейін қайта қалпына келе бастады. Ердоғанның айтуынша, азаматтарға жаңа қаржылық балама ұсынылады. Азаматтарға депозиттегі салымды түрік лирасынан шетел валютасына ауыстырудың қажеті жоқ. Өйткені, лирамен сақталатын депозит сыйақысы валюта бағамынан жоғары болмақ.

Хүрриет газеті «Денсаулық сақтау министрі Кожа Turkovac жайлы мәлімдеме жасады» атты хабар жариялаған. Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа коронавирус вакцинасы Turkovac-тың өте маңызды екенін білдірді. Кожа «Вакцина ектіру үшін Turkovac-ты күткендерге және дозалар үшін Turkovac-ты таңдағандарға айтарым: Бұл күресті өз отандық вакцинымызбен жүргіземіз» деген сөздер қолданды.

Ватан газеті «Түркия әлем нарықтарының орталығы болып табылады» атты хабарға орын берген. Қазына және қаржы министрі Нуреттин Небати Түркия экономка үлгісінің демократиялық дәстүрі болған, сондай-ақ еркін нарық экономикасына тәуелді бір үлгі екенін айтты. Министр Небати «Түркия инфрақұрылымын тамамдаған, логистиканы жүзеге асырған және әлем нарықтарының орталығы болған бір ел» деді. Министр Небати Түркияның экономикалық инфрақұрылымын дамытқан кезде қатты еңбек көрсеткенін баяндады.

Стар газеті «Түркия өндіріс орталығы болуға маңызды қадам басты» деген хабар жариялаған. Стамбұл Университеті профессоры Сефер Шенер «Жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетінен кейін экономикадан саясатқа дейінгі барлық салада жаңа бір әлем жүйесіне бет алғанын, сондай-ақ Түркияның жағдайды пайдаға айналдырып өндіріс орталығы болу үшін классикалық экономика түсінігінің сыртына шыққанын білдірді. Шенер «Барша әлемде инфляция көтерілген жағдайда Түркия өндірісті және жұмыспен қамдауды арттырды» деді.

Йени Шафак газеті «Босния және Герцеговина Бас штаб төрағасы Ұшқышсыз әуе аппараттары орталығына бар» атты хабарға орын берген. Босния және Герцеговина Бас штаб төрағасы генерал-полковник Сенад Машович "Байрақтар" ұшқышсыз ұшатын аппараттары зерттеу және өндіріс базасын аралады.

 

 



Ұқсас жаңалықтар