Omicron-ға байланысты Давос форумы кейінге қалдырылды

Қаңтар айына жоспарланған жиналыс кейін болады.

1750087
Omicron-ға байланысты Давос форумы кейінге қалдырылды

Бүкіләлемдік экономикалық форумның қаңтар айында өткізілуі жоспарланған жиналысы кейінге қалдырылды.

Давос жиналысының коронавирустың Omicron штамының тарауына байланысты кейінге қалдырылғаны білдірілді. Әлемдік бизнес және саясат лидерлері үшін кездесу орны ретінде қабылданған жиналыс жаз маусымына белгіленді.

Хабарламада қазіргі індет шарттарының жаһандық деңгейдегі жиналыстарды қиындата түскені айтылып, жиналыстың алдағы бір уақытқа кейінге қалдырылғаны білдірілді.

Форум коронавирус індетіне орай 2021 жылы Сингапурда өтеді деп жарияланып, алайда індет бүкіл әлемге таралғаннан кейін екі рет кейінге қалдырылып еді.



Ұқсас жаңалықтар