Ердоған сыртқы сауда санақтарына байланысты мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған экспорттың биыл 221 миллиард долларға ұласқанын білдіріп, "Біз тіпті көп жұмыс істейміз, тіпті көп өндіреміз, тіпті көп өсеміз" деді.

1742351
Ердоған сыртқы сауда санақтарына байланысты мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған Twitter парақшасында сыртқы сауда санақтарына байланысты мәлімдеме жасады. 

Мәлімдемесінде кеше жарияланған сыртқы сауда санақтарына қарағанда қараша айы экспортының өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 33,44 пайыз артып, 21,5 миллиард долларға жеткенін түсіндірген Ердоған "Осы жылы экспортымыз да 221 миллиард долларға ұласты. Біз тіпті көп жұмыс істейміз, тіпті көп өндіреміз, тіпті көп өсеміз" деген сөздер қолданды. 

Ердоғанның мәлімдемесінде сыртқы сауда санақтарына байланысты бір бейне көрініс те жарияланды. 

Осыған қарағанда қараша айында 33,44 пайыздық өсумен экспортта рекорд жаңартылды. Өткен жылы қараша айында экспорт 16 миллиард 89 миллион доллар еді. Биыл болса  21 миллиард 468 миллион долларға ұласты. Осы жылдың 11 айында жүзеге асырылған экспорт санағы болса 151 миллиард 801 миллион доллардан 203 миллиард 141 миллион долдарға жетті. 



Ұқсас жаңалықтар