Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы қарым-қатынастар күшейеді

Алтун Twitter-дегі парақшасында президент Режеп Тайып Ердоғанның Абу Даби әмірлігінің тақ мұрагері Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаяндпен кездескенін жариялады.

1738497
Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы қарым-қатынастар күшейеді

Президенттік Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктерінің экономикалық қарым-қатынастарын күшейту және аймақтық ынтымақтастық орайларынан пайдалану тақырыбында табанды екенін білдірді.

Алтун Twitter-дегі парақшасында президент Режеп Тайып Ердоғанның Абу Даби әмірлігінің тақ мұрагері Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаяндпен кездескенін жариялады.

"Бұл сапар мемлекетіміздің аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатуға бағытталған талпыныстарын дәлелдеген маңызды бір сапар болды" деген Алтун сауда, энергия және қоршаған орта салаларында қол қойылған екі жақтылы келісімдердің экономикалық қарым-қатынастарды дамытатынын білдірді.

Фахреттин Алтун:

"Түркия аймақта тұрақтылық пен бейбітшілік үшін әрқашан маңызды бір күш болады. Жеке фирмалар арасындағы келісімдермен қатар биржаларымыз бен кемежай басқаруымыз арасындағы инвестиция келісімдері де экономикалық профилімізді күшейтеді. Алдағы жылдарда сауда қарым-қатынастарымызды дамытуға ерекше көңіл бөлеміз. Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктерінің экономикалық қарым-қатынастарын күшейту және аймақтық ынтымақтастық орайларынан пайдалану тақырыбында ортақ тұғырдамыз"деді.

 



Ұқсас жаңалықтар