Кипр аралына сұйытылған газ жеткізіледі

Дөнмез СКТР Экономика және энергетика министрі Сунат Атунмен кездесті.

1736748
Кипр аралына сұйытылған газ жеткізіледі

ТР Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Солтүстік Кипр Түрік Республикасымен (СКТР) жүзеге асырылатын жобалар арқылы бірінші кезекте сұйытылған табиғи газдың (LNG) аралға жеткізілетінін айтты.

Дөнмез Анталияда өткен 11-ші Түркия энергетика саммитінде СКТР Экономика және энергетика министрі Сунат Атунмен кездесті.

Министр Дөнмез қазіргі таңда елдердің қоршаған ортаға зиянсыз және қазбалы отынды аз пайдаланатын энергия жүйелеріне бет бұрғанын айтты.

Дөнмез бұл тұрғыда СКТР-н қолдайтындарын білдірді.

"Бірінші кезекте біз ондағы жұмыс істеп тұрған жанармай  станцияларын табиғи газға көшіруді талқыладық. Жасалатын жобаларда бірінші кезекте аралға LNG жеткізіледі деп үміттенеміз", - деді ол.

Дөнмез Солтүстік Кипрдегі электромобиль жобасын қызығушылықпен қадағалайтындарын атап көрсетті және былай деді:

“Жүйеге электрлі көліктердің қосылуымен электр энергиясына деген қажеттілік те артады. Біз кеше болғанындай бүгін, ертең де СКТР-дегі отандастарымыздың жанында боламыз. Сондай-ақ аралдағы жобаларды қолдауды жалғастырамыз”

Министр Атун да Түркияның оларды әр салада қолдайтынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар