Түркия-Африка Бизнес форумы ертең басталады

Бизнес форумға президент Ердоған қатысады.

1722398
Түркия-Африка Бизнес форумы ертең басталады

Түркия-Африка экономикалық және Бизнес форумының үшіншісі президент Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен ертең Стамбулда басталады.

Сауда министрлігінің хабарламасына қарағанда,  форумға 41 елден 250 кісілік ресми делегация келеді.

Жоғары деңгейдегі қатысушылар арасында Оңтүстік Судан президентінің орынбасары Др. Джеймс Вани Игга мен 29 министр, 8 вице-министр бар.

Форумға айырықша аймақтық төрт ұйымнан екі төраға қатысады.

Форум шеңберінде Түркия мен Африка елдері арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың жетілдірілуіне бағытталған қадамдар басылады. «Түркия-Африка серіктестігін тереңдту: Сауда,  инвестиция, технология және логистика» атты министрлер жиналысы өткізіледі.

Аталмыш форумға Түркия және Африка елдерінен шамамен екі мың іскер келеді.



Ұқсас жаңалықтар