Әлемнің үздігі - THY

Түрік Әуе жолдары «Top 10 International Airlines» аталымында марапатқа лайық деп танылды.

1706883
Әлемнің үздігі - THY

Түрік Әуе жолдары (THY) «Әлемнің үздіктері» марапаттау бағдарламасында әлемнің көптеген елдеріне ұшатын «Top 10 International Airlines» аталымында марапатқа лайық деп танылды.

THY Баспасөз қызметі жасаған хабарламаға қарағанда,  Travel + Leisure журналы ұйымдастырған байқауда оқырмандар ең танымал авиакомпанияларға, әуежайларға, қонақүйлерге, туроператорлар мен қалаларға дауыс берді.

Биыл 26-шысы ұйымдастырылған «Әлемнің үздіктері» байқауында әлем бойынша ең көп елге ұшатын авиакомпания болған THY «Үздік 10 халықаралық авиакомпания» аталымында жүлдеге лайықты деп табылды.

Түрік Әуе жолдарының басқарма және атқару комитетінің төрағасы М.Илкер Айжы былай деді: “Travel + Leisure” журналының жыл сайынғы оқырмандар сауалнамасында үздіктердің бірі болу өте тамаша. Біз әлемге әйгілі түрік қонақжайлылығын, бірінші деңгейлі қызметтер мен кең ұшу желісін қонақтарымызға және Travel + Leisure оқырмандарына ұсынуға қуаныштымыз”.

 

 

Бұл тақырып бойынша толық ақпаратты turkishairlines.com сайтынан оқып білуге болады.

 



Ұқсас жаңалықтар