Қаратеңіз газы лабораторияда сынақтан өтті

Бұл туралы министр хабарлады.

1654414
Қаратеңіз газы лабораторияда сынақтан өтті

Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Түркияның Қаратеңіздегі Амасра-1 ұңғымасынан шығарылған табиғи газының энергияға айналғанын білдірді.

Министр газдың лабораторияда инженерлер тарапынан жасалған  бірінші сынақ көріністерін жариялады. «Қаратеңіздегі екінші табылған табиғи газды инженерлеріміз энергияға айналдырды.  Жаңалықтың алауы Түркияның түндерін жарық, қыстарын ыстық, өнеркәсібін мықты қылады» деді ол.

Президент Режеп Тайып Ердоған өткен апта «Фатих» бұрғылау кемесінің Қаратеңіздегі Амасра-1 ұңғымасында жаңа резерв тапқанын жариялаған болатын.

Осылайша Түркияның Қаратеңізде ашылған газ резерві 540 миллиард текше метрге жетті.



Ұқсас жаңалықтар