Түркия мен Ресей арасындағы барлық рейстер тоқтатылды

Бірақ аптасына екі рейс атқарылады.

1621987
Түркия мен Ресей арасындағы барлық рейстер тоқтатылды

Түрік Әуе жолдары THY 1 маусым күніне дейін Ресейден көтерілетін және Ресейге баратын барлық рейстердің тоқтатылғанын білдірді.  Осы кезеңде Түркия мен Ресей арасында аптасына өзара екі рейс атқарылады.

Түрік авиакомпаниясы осы шешімді ресми органдардың қабылдағанын білдірді. «15 сәуір мен 1 маусым күндері арасында Ресей Федерациясынан көтерілетін және баратын барлық рейстер тоқтатылды. Осы кезең бойы Түркия мен Ресей Федерациясы арасында өзара аптасына екі рейс атқарылады. Бұл рейстер туралы соңғы жаңалықтарды парақшамыздан көре аласыздар. Билет ауыстыру және басқа да сұраныстар үшін 0850 333 0 849 нөмері, билет сату кеңселері немесе билет алынған агенттікке хабарласыңыз» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар