Мұнай өндірісін сатылы түрде арттырады

Видео конференция әдісімен өткен 15-ші министрлер жиналысынан кейін хабарлама жарияланды.

1613590
Мұнай өндірісін сатылы түрде арттырады

Мұнай экспорттайтын елдер ұйымы OPEC пен OPEC тысы кейбір өндіруші елдерден тұратын OPEC+ тобына мүше 23 елдің энергия және мұнай министрлері мамыр, маусым және шілде айлары үшін күнделікті мұнай өндірісін сатылы түрде арттыруға шешім қабылдады.

Видео конференция әдісімен өткен 15-ші министрлер жиналысынан кейін хабарлама жарияланды. 23 елдің келесі үш айда күнделікті 500 мың баррельден аспайтындай түрде мұнай өндірісін арттыратыны білдірілді.

OPEC+ елдері мамыр және маусым айларында күніне 350 мың, шілде айында болса шамамен 441 мың баррель өндіріс арттырады.

Сауд Арабиясы болса ақпанда жарияланған күнделікті бір миллион баррельдік қосымша шектеу шешімін сатылы түрде алып тастайды. Осы елдің энергия министрі Абдулазиз бин Селман жиналыста сөйлеген сөзінде мамыр үшін 250 мың, маусым айы үшін 350 мың және шілде де болса 400 мың баррель арттыратындарын айтты. Осыған сай OPEC+ тобының шілдеде өндіріс шектемесі шамамен 5 миллион 800 мың баррель деңгейінде болады.

OPEC+ тобы келесі министрлер жиналысын 28 сәуір күні өткізеді.

 


Этикеттер: #өндіріс , #мұнай , #OPEC

Ұқсас жаңалықтар