Ливияда түрік компаниясы салған бетон зауыты ашылды

Солтүстік Африканың ең ірі бетон зауыттарының бірі түрік компаниясы тарапынан Ливияда ашылды.

1588318
Ливияда түрік компаниясы салған бетон зауыты ашылды

Ливияның Мисрата қаласында пайдалануға берілген зауыттың ашылу салтанатына «Karanfil Group» компаниясының Атқару кеңесі төрағасы Муртаза Каранфил мен бас директоры Фатих Сары қатысты.

Африка құрлығының ең маңызды бетон өндіретін зауыттарының бірі болған өндіріс орнында 250 адам жұмыспен қамдалады.

10 мың шаршы метрі жабық, барлығы 30 мың шаршы метрлік сақтау алаңы бар және жалпы 100 мың шаршы метрлік алаңда құрылған зауыт үшін қазірге дейін 10 миллион доллар қаржы жұмсалды.

Орта және ұзақ мерзімді мың адамды жұмыспен қамтуды көздейтін зауыт сағатына 90 текше метрге дейін бетон өндіре алады.



Ұқсас жаңалықтар