Үй саудасында рекорд

Былтыр Түркия бойынша 1,5 миллион үй сатылды.

1563750
Үй саудасында рекорд

Түркия тұрғын үй саудасында жылдық рекорд жаңартты.  Былтыр Түркия бойынша 1,5 миллион үй сатылды.

Түркия Статистика мекемесінің деректеріне қарағанда, тұрғын үй саудасы 2020 жылы алдынғы жылмен салыстырғанда 11,2 пайыз артты.  Бір жылда бір миллион 499 мың 316 үй сатылды.

Бұдан бұрынғы ең жоғары көрсеткіш бір миллион 409 мың 314 үймен 2017 жылы тіркелген болатын.

Dap Yapı компаниясының басшысы Зия Йылмаз медициналық саланың табыстарының тұрғын үй саудасына жақсы әсер еткенін айтты. «Түркия 2020 жылы тұрғын үй саудасын 11,2 пайыз арттырды. Бұндай көрсеткіш бүкіл Еуропада жоқ. Керісінше Италия, Франция, Ұлыбритания және Испания секілді елдерде үй саудасы 10-25 пайыз арасында азайды.  Түркия Еуропада үй саудасы рекордына қол жеткізді» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар