Хамса балығы экспортынан 9 миллион доллардан астам кіріс кірді

Грекия, Израиль, Ресей, Болгария, Кувейт, Қазақстан, Сингапур және Гонгонға хамса балығы сатылды.

1560192
Хамса балығы экспортынан 9 миллион доллардан астам кіріс кірді

Түркиядан өтекен жылы 28 елге 9 миллион 691 мың долларлық хамса балығы (анчоус) экспорт етілді. 

Шығыс Қаратеңіз Экеспортшылар одағының санағына қарағанда Түркияның хамса балығы экспорты 2020 жылы оның алдындағы жылмен салыстырған 10.1 пайыз артып, 2 мың 199 тоннаға жетті. 

Хамса балығын шетелге сатудан 2020 жылы 9 миллион 691 мың долларлық кіріс кірді.

Хамса балығы ең көп экспорт етілген ел 3 миллион 497 мың 768 доллармен Франция болды.

Бельгияға 3 миллион 434 мың 984 долларлық, Германияға 944 мың 961 долларлық хамса балығы жкспорт етілді.

Өткен жылы 2019 жылдан өзгеше Грекия, Израиль, Ресей, Болгария, Кувейт, Қазақстан, Сингапур және Гонгонға хамса балығы сатылды.   



Ұқсас жаңалықтар