Ирак пен Түркия арасына теміржол салынады

Бұл туралы Мосул әкімі мәлім етті.

1494061
Ирак пен Түркия арасына теміржол салынады

Ирактың солтүстігіндегі Мосул уәлаятынан Түркия шекарасына дейін заманауи бір теміржол салынады.

Мосул әкімі Неджим әл Жубури Ирактың бір газетіне берген мәлімдемесінде, түрік компанияларының көмегімен екі ел арасында жаңа теміржол салынатынын айтты.

Жубури Мосул қаласы мен Түркия шекарасына қарай салынатын теміржолдың құрлық қақпасындағы қатынасты азайтуға пайдалы болатынын атап көрсетіп, жобаның бюджеті мен құны туралы мәлімет бермеді.

Түркия мен Ирак арасында сауда мен халықаралық өтулер үшін жалпы Хабур-Ибрахим Халил шекара қақпасы қолданылуда.



Ұқсас жаңалықтар