Түркия-АҚШ ұшақ рейстері басталды

Түрік Әуе Жолдарының АҚШ-тан ұшқан алғашқы жолаушылар ұшағы Стамбұлға келді.

1440396
Түркия-АҚШ ұшақ рейстері басталды

Жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті шектемелері себепті тоқтап қалған және сатылы түрде қайта басталған шетелге ұшақ рейстері аясында Түрік Әуе Жолдарының АҚШ-тан ұшқан алғашқы жолаушылар ұшағы Стамбұлға келді.

Коронавирус (Сovid-19) індеті себепті үзіліс берілген 3 айдан кейін Түрік Әуе Жолдарының АҚШ-тың Чикаго және Вашингтон қалаларынан ұшқан алғашқы жолаушылар ұшақтары 21 маусым күні Стамбұлға жетті. 

Алдымен Түрік Әуе Жолдарының 276 жолаушысымен АҚШ-тың Чикаго  қаласынан ұшқан ТК6 номерлі Boeing 787-9 типті ұшағы Түркия сағатымен 08.30-да Стамбұл әуежайына қонды. 

Артынан Түрік Әуе Жолдарының ТК8 номерлі 279 жолаушысымен Вашингтон қаласынан ұшқан ұшағы Түркия сағатымен 09.15-те Стамбұл әуежайына келді.

Жолаушылар паспорт тексеруден кейін шекарадан өтті. 



Ұқсас жаңалықтар