Украиналық туристер Түркияға келуге асығуда

Түркия мен Украина ұшақ рейстері мен туристік саяхаттарды 1 шілдеде бастауға дайындалуда.

1435844
Украиналық туристер Түркияға келуге асығуда

Түркия мен Украина ұшақ рейстері мен туристік саяхаттарды 1 шілдеде бастауға дайындалуда. Жаңа типті коронавирус (Covid-19) індетінің көлеңкесінде басталатын туризм маусымында Түркия украиналық туристердің ең қызыққан елі болуды жалғастырып келеді. 

Украина Туризм кәсіпорны лидерлер одағының төрағасы және Tez Tour компаниясы Украина Бас директорының орынбасары Александр Новиковский жасаған мәлімдемесінде: 

"Түрік жағажайлары мен Түркияның  қонақжайлығын қатты сағындық.  Қазірге дейін Украинада жасалған шетелге тур резервацияларында Түркия тағы алғашқы орынды иеледі" деді.

"Түркияның туристерді қабылдауға дайын екені хабарлары келгеннен кейін туристер тур компанияларына сұраныс бере бастады. Tez Tour компаниясы ретінде аптасына 150-200 сұраныс алудамыз" деді Александр Новиковский.

Түркияға демалуға келген украиналық турист саны  2019 жылы оның алдындағы жылмен салыстырғанда 12 пайыз артып, бір миллион 560 мың кісіге жеткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар