Путин мұнай келісімін атқарудың маңызына тоқталды

Путин Мұнай Экспорттаушы мемлекеттер ұйымы және кейбір мұнай өндіруші елдер арасында жасалған келісімді барлық тараптардың атқаруы маңызды екенін айтты.

1398859
Путин мұнай келісімін атқарудың маңызына тоқталды

Ресей президенті Владимир Путин Мұнай Экспорттаушы мемлекеттер ұйымы (OPEC) және кейбір мұнай өндіруші елдер арасында жасалған келісімді барлық тараптардың атқаруы маңызды екенін айтты.

Владимир Путин астана Мәскеуде кабинет мүшелерімен өткізген жиналыста OPEC+ атымен танымал және 23 ел мүше болған топтың мұнай өндірісі үзілісіне бағытталған шешімді бағаландырды. 

Ресейдің мұнай нарқындағы маңызды елдермен тығыз байланыс ішінде болуы керектігіне назар аударған Путин:

"OPEC келісіміне барлық тараптардың бағынуы маңызды" деді. 

Жиналыста сөз алған Ресей Энергия министрі Александр Новак келісім аясында мамыр-маусым айлары кезеңінде мұнай өндірісінің күндік 9.7 миллион баррель азайтылатынын ескертіп:

"Бұл жаһандық мұнай өндірісінің 10 пайызына тең келеді" деді.

Мұнай өндірісінің шілде айынан бастап жылдың соңына дейін артатынын білдірген Новак:

"Осы мезгілде өндірістегі азайту күндік 7.7 миллион баррель, 2021 жылы қаңтардан 2022 жылғы сәуірге дейін қысқарту 5.7 миллион баррель мөлемінде болады" деп көрсетті.  

Новак OPEC+ елдеріне қосымша 10 елдің де түрліше қадамдармен жаһандық мұнай нарқында тұрақтылықты қамдауына қолдаушы болуды қалайтындарын атап өтті. 

Жиналыста жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті себепті болымсыз ықпалға ұшыраған Ресей экономикасына бағытталған бағаландыруында Путин шағын және орта кәсіпорындардың қызметкерлеріне төлеуі мақсатымен нақ ақша қолдауы берілуін ұсыныс етті. 

Аталмыш қолдаудың қызметшілерге 12 мың 100 рубль (162 доллар) болуы керектігін айтқан Путин әуежолы компаниялары үшін 23 миллиард рубль (309 миллион доллар)  қолдау берілуін ұсыныс етті.



Ұқсас жаңалықтар