Түрік қорғаныс өнеркәсібінің алпауыттары Тайландта

Оңтүстік Шығыс Азия елдері одағы қорғаныс және қауіпсіздік көрмесі Тайландта ашылды.

841510
Түрік қорғаныс өнеркәсібінің алпауыттары Тайландта

Түрік қорғаныс өнеркәсібі қатысқан Азия-Тынық мұхит аймағының алдыңғы қатарлы көрмелерінің бірі Тайланд Қорғаныс және қауіпсіздік жәрмеңкесі басталды.

Оңтүстік Шығыс Азия елдері одағы (ASEAN) қорғаныс және ішкі қауіпсіздік қамдаушыларына қоса, халықаралық қорғаныс өнеркәсібі өндірушілері үшін де таптырмас бір көрме болған іс-шараларға Түркия да қатысуда.

Көрме Қорғаныс өнеркәсібі кеңесшілігі координаторлығында 18 фирма мен Қорғаныс және Авиация өнеркәсібі экспортшылары одағы қатысуда. Түрік делегациясына Қорғаныс өнеркәсібі кеңесші орынбасары Мұстафа Мурат Шекер төрағалық жасауда.

Түркияның атынан қатысқан «ASELSAN» (Аселсан), «BMC», «FNSS», Güçlü Makina (Гүчлү Макина), «Karel» (Карель), «Katmerciler» (Катмерджилер), Машина және химия индустриясы мекемесі, «Nero» индустрия, Nurol Makine (Нурол Машина), «Otokar», «REPKON», «Roketsan» (Рокетсан), Самсун отан қорғаныс, Сарсылмаз, «SİMSOFT», Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі АҚ (TUSAŞ/TAI), «Tek Can Grup» (Тек Джан Группа -AKSA Run Flat) көрмеде өндірістерін таныстырады.

Көрмеде 50 елден 400-ден астам қорғаныс өнеркәсібі фирмасы орын алады. Тайланд Қорғаныс және қауіпсіздік көрмесі 9 қараша күніне дейін жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар