Тамақ ауруы

«Денсаулық зор байлық» - 1

1705241
Тамақ ауруы

Тамақ ауруы

«Денсаулық зор байлық» атты бағдарламамызға қош келдіңіздер!

Бұл бағдарлада тамақ ауруы тақырыбына тоқталамыз.

  • Тамақ ауруын емдеудің ең маңызды әдістерінің бірі - лимон шырынымен шаю. Қалай істеу керек: Бір стакан аздап жылытылған суға шамамен жарты лимон немесе бір лимонды сығыңыз. Онымен күніне 3 немесе 4 рет тамағыңызды шайыңыз.
  • Тағы бір әдіс болса науқастың аяқтарына органикалық сірке суына малынған шүберек қойып, шүберек жылынғанша сол жерде қалуы тиіс, содан кейін оны алып тастау керек және аяқтарын кептіріп жабу керек.
  • Басқа бір  әдіс - шай қасықтың ұшымен куркума ұнтағы, зімбір ұнтағы, қасықтың ұшымен қара бұрыш және 1 қасық зәйтүн майын араластырып, ішу. Әсіресе тамақ ауырғанда «тұмау» немесе «ангина» деп аталатын тонзиллитке қоса тамақ ауруды жеңілдететін жақсы қоспа.
  • Қолданылатын шөптік емдеу әдістерінің тағы бірі - тамақтың қабынуында таза шығарылған қызылша шырынымен шаю өте пайдалы болып табылады.
  • Екі сағат сайын тамақтың сыртынан қырыққабат жапырағын орау өте тиімді.
  • Тұзды сумен шаю тамақ ауруын жеңілдетеді. Мұны қалай жасаймыз, біз бір шай қасық тұзды бір стақан суық суға ерітіп, тамағымызды шаямыз. Әрине тұзды сумен шаю - ересектерге қолдануға болатын бір әдіс.
  • Шалфейдің тамақ ауруларында алар орны ерекше.

«Шалфей» дегенде, шалфейді пайдалануда тарихта мынадай әңгіме бар. «Егер сіз отырғызған болсаңыз шалфейді бақшаға, қажет жоқ өлімге».

Бұл жолдар 13-ғасырдан шалфей туралы айтылған нақыл сөздер. Оның ботаникалық атауы «Сальвия» латынның «salvere» сөзінен шыққан, қорғау, сақтау деген мағынаны білдіреді.

Мысырлықтардың шалфейді құнарлылық үшін пайдаланғаны белгілі болғанымен, ежелгі грек пен рим дәуірінде етті сақтау үшін қолданылғаны айтылады. Сондай-ақ кептірілген шалфей шөптері және жапырақтар тұтатылып, түтінімен үйлерді дезинфекциялау үшін қолданылғаны анық.

Ежелгі заманнан бүгінге дейін Шалфейді пісіріп шайын ішетін адамның жеңіл ауырмайтыны жөнінде сенім бар.

Қазіргі кезде болса суық тигізу және тұмауда, тамақ ауруы мен дауыстың қарлығуы үшін де қолданылады. Депрессия, есте сақтау қабілетінің жоғалуы, қатерлі ісік және жүрек ауруларына қарсы да қалқан қызметін атқарады.

Екінші жағынан шалфейге қатысты әңгімеміздің соңында айтатын маңызды тақырыптардың бірі - шалфей орта ғасырда обаға қарсы иммунитетті қамтамасыз еткен «Төрт ұры сірке суы» құрамында да орын алады. Төрт ұры сірке суы - бұл тарихи оқиғаның атауын алған сірке суы. Ғасырлар бойы дәрі ретінде қолданылған бұл сірке суының қызық бір хикаясы бар.

Хикаяға қарағанда 14-ғасырда қазір Францияға тиесілі Марсель қаласында басталып Еуропаға тараған оба эпидемиясынан 25 миллион адам қайтыс болады. Мұнда оба ауруынан зардап шеккен ауылдардың үйлері мен дүкендерін төрт ұры тонап жатқан, бірақ оларға бұл ауру әсер етпеген. Айтуға қарағанда ұрылар оба аурудан қайтыс болған құрбандарды тонап жатқан кезде ұсталады және оларды дарға асуға үкім шығады. Дегенмен оба ауруын қалайша жұқтырмағандарын айтатын болса, кешірім жасалатыны өздеріне айтылған. Олар өздері жасаған бір сірке суына қолдарын жуып, бұл сіркемен тамақтарын шайғандарын мойындаған. Ұрыларға кешірім жарияланып, көшеде бұл сірке суын қалай дайындағандарын адамдарға көрсеткен соң босатылған деседі. Содан бері ғасырлар бойы «төрт ұры сірке суы» деп аталатын бұл сірке суы көптеген ауруларға қолданылған және төрт ұры сірке суы құрамында шалфей қолданылған. Ең алдымен суық тию, тұмау және ковид инфекцияларында, екінші жағынан тамақ пен бадамша безінің инфекциялары сияқты жағдайларда тамақтың ауыруы мен қарлығуды басатын, фитотерапиялық бір тыңшы, шөптен жасалған жақсы бір ерітінді ретінде ежелгі Анадолы жерінде өте жиі қолданылады.

Дайындаған: дәрігер Мехмет Учар



Ұқсас жаңалықтар