Өмірәлиев президенттік кабинетке құттықтау хатын жолдады
ТМҰ Бас хатшысы Түркияның жаңа президенттік кабинеттінің жұмысына сәттілік тіледі.
Түрік мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы Кубанышбек Өмірәлиев президенттік кабинеттегі министрлерге құттықтау хат жолдады.
Өмірәлиев өз хатында 28 мамыр күні өткен президенттік сайлаудан кейін жарияланған жаңа президенттік кабинеттің жұмысына сәттілік тіледі.
Түркияның бүгінге дейін бұл ұйым және бауырлас түрік мемлекеттерімен жан-жақты ынтымақтастығын дамытуға қамқорлық пен сезімталдық танытқанын білдірген Өмірәлиев бұл жаңа кезеңде артады деп үміттенгенін мәлімдеді.
Өмірәлиев хатында «Осынау құт әкелетін міндетіңізде бауырлас түрік мемлекеттерін бір шаңырақ астына біріктіретін Түрік мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы ретінде міндетімді лайықты түрде орындауға дайын екенімді айтқым келеді» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған мен Әлиев Анкарада бас қосты
Кездесуде Израильдің Газа секторына жасаған қырғынынан бастап көптеген тақырып талқыланды.
Ильхам Әлиев Түркияға жұмыс сапарымен келді
Ильхам Әлиев президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен бүгін Түркияға жұмыс сапарымен келді.