Түркия-Ирак желісінде энергетика дипломатиясы

Энергетика әлемі – 18

2138843
Түркия-Ирак желісінде энергетика дипломатиясы

Түркия-Ирак желісінде энергетика дипломатиясы

Президент Режеп Тайып Ердоғанның 22 сәуір күні Иракқа сапары екі ел арасындағы қарым-қатынастардың жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік берді.

Сапар аясында энергетикадан әскери ынтымақтастыққа, көліктен ауыл шаруашылығына дейін 26 келісімге қол қойылды.

Қол қойылған құжаттардың ішінде ең маңыздыларының бірі – «Даму жолы» келісімі екені сөзсіз. Оның үстіне Түркия мен Ирак қана емес, Біріккен Араб Әмірліктері мен Катар да келісімге қол қойды.

«Даму жобасы» неліктен маңызды? Аймақтағы қандай теңгерімдерді өзгертеді?

«Даму жолы» жобасы аясында 1 200 шақырым темір және автокөлік жолын салу көзделеді. Осылайша Түркияның Искендерун порты мен Парсы шығанағындағы Фав порты бір-бірімен жалғасады.

Жоба Еуропа мен Азия cауда жолдарын бір-бірімен байланыстыратын ең қысқа жол болмақ.

Еуроодақ пен Парсы шығанағы аймағы арасында теңіз жағдайына қарамастан үздіксіз сауда ағынын қамтамасыз етеді.

Жоба арқылы Иракқа қоса шығанақ елдері газын Еуропаға тасымалдау одан аз уақыт алып, әлдеқайда үнемді болады. «Даму жолы жобасы» да Түркияның «энергия орталығына айналуына» үлкен үлес қосады. Бұл жобамен Түркия мен Ирактың энергетикалық ресурстарын халықаралық нарыққа шығарғанда одан белсенді рөл атқаратын болады.

«Даму жолы жобасы» Қызылтеңіздегі дағдарысқа байланысты теңіз сапары санының айтарлықтай азаюының артынан Суэц каналының басты бәсекелесі болады.

Фав портынан Еуропаға жүзетін кеме Суэц каналымен салыстырғанда 15 күн үнемдейді.

Бірінші кеме осы жылдың соңында Фав портына аялдайды деп күтілуде.

Порт аяқталғаннан кейін Таяу Шығыстың ең үлкен контейнерлік порты ретінде белгілі Дубайдағы Джебель Алиден асып түседі.

Президент Ердоғанның сапары аясында «Даму жолы» жобасымен қатар энергетика саласында да өте маңызды ынтымақтастыққа жол ашылды. Түркия мен Ирак арасында энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Осыған байланысты Киркук Юмурталык мұнай құбыры өте қысқа мерзімде жұмысын қайта бастайды. Алайда «Даму жолына» параллель құрылатын құбыр желілері арқылы Басра мұнайының да алдағы кезеңде Түркияға тасымалдануының жоспарланғаны атап көрсетілді.

Ирактың дәлелденген мұнай қоры шамамен 145 миллиард баррельді құрайтыны болжалуда. Ел әлемдік мұнай резервтерінің шамамен 8 пайызын құрайды. Ирак мұнайы өндіріс құны мен сапасы жағынан әлемдегі ең арзан мұнайлардың бірі ретінде белгілі.

Президент Ердоғанның сапары барысында сондай-ақ өткен сәуір айында ағыны тоқтаған Ирак-Түркия шикі мұнай құбырының да қайта іске қосылуы күтілуде.

Киркук Юмурталык шикі мұнай құбыр желісі жылдық 70 миллион баррельден асатын тасымалдау мүмкіндігіне ие. Алдағы кезеңде желінің тасымалдау әлеуеті де кеңейеді.

Түркия мен Ирак арасындағы сауда көлемі жылына 30 миллиард доллар шамасында. Тараптар арасында тығыз өткен келіссөздермен көлемді одан әрі арттыру нысанаға алынып отыр.



Ұқсас жаңалықтар