Түркия мұнайдағы мақсатын арттырды

«Энергетика әлемі» - 09

2108580
Түркия мұнайдағы мақсатын арттырды

Түркия мұнайдағы мақсатын арттырды

Түркия соңғы жылдары атомнан жаңартыла алатын ресурстарға, табиғи газдан мұнайға дейін энергетика саласында ірі жобаларды жүзеге асыруда.

Түркиядағы алғаш ұңғыма 1940 жылы Батманда «Раман-1» атымен жұмыс істей бастады.

Анадолы аймағының оңтүстік шығысында әсіресе Габарда жаңа мұнай резервтері ашылды.

Қазір Түркияда 6 мыңға жуық мұнай ұңғымасы бар. Осы ұңғымалардың шамамен 2500-і мұнай өндіреді. Қазіргі мәліметтерге қарағанда Түркияның 1,3 миллиард тонна мұнай қоры бар.

Тау-кен және мұнай істері бас дирекциясының мәліметтеріне қарағанда 1999 жылы күнделікті мұнай өндіру шамамен 59 мың баррель болса, 2020 жылы 64 мың баррель, 2021 жылы 69 мың баррель және 2022 жылдың соңына қарай 80 мың баррельге жетті.

Анкара Габар тауындағы резервтерден үлкен үміт күтеді. 200 миллион баррель мұнай қоры бар деп есептелген мұнайдың құны 13 миллиард долларға жуықтады.

Аталмыш резервті ашумен Түркияның өндірілетін мұнай қоры 450 миллион баррельден 600 миллион баррельге өсті.

Түрік мұнай акционерлік қоғамы (TPAO) «Шехит Айбүке Ялчын» кен орнындағы жаңа ашылған мұнайдың жалпы резервтік мөлшері шамамен 1 миллиард баррель болса, өндірілетін резерв мөлшері де шамамен 600 миллион баррель деп болжанады.

Түркия мұнай өндіру жоспарын жаңа кен орындарымен жаңартты. Бұған қарағанда тәулігіне 100 мың баррель болатын нысанасы 200 мың баррельге дейін өсті.

Іздестіру шаралары үздіксіз және кеңейіп жалғасуда. Қысқа мерзімде 14 қаладағы 18 кен орнында мұнай іздеу жұмыстары басталады. Аталмыш қалалар арасында Газиантеп, Анталия, Чанаккале, Шанлыурфа, Зонгулдак, Диярбакыр, Хаккари, Бартын, Карабүк, Кастамону, Элазығ, Эдирне, Кахраманмараш және Килис орын алады.

Сондай-ақ Түркияның табылған мұнай резервтерінің сыртқы энергетикаға тәуелділік пен энергия импортының төлемін азайтатыны баса айтылды. Әсіресе бұл жағдайдың энергетикада тәуелсіз ел болу мақсаты тұрғысынан маңызы зор.

Түркия тек құрлықта ғана емес, теңізде де мұнай іздеу жұмыстарын жалғастыруда. Осы бағытта соңғы жылдары 4 бұрғылау және 2 сейсмикалық зерттеу кемесі өз жұмысын бастады.

«Фатих», «Явуз» және «Кануни» атты бұрғылау кемелері Қаратеңізде, «Абдулхамид Хан» бұрғылау кемесі көбінесе Жерорта теңізі аймағында сейсмикалық зерттеулер негізінде бұрғылау жұмыстарын жүргізуде.

Биылғы жылы Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) құрлық және теңіздегі лицензиялық аумақтарды қоса алғанда, көмірсутектерді барлау және бұрғылау жұмыстары күшейтілетін болады. Құрлықта және теңізде барлығы 250 ұңғымада бұрғылау жоспарлануда.

Қазіргі уақытта Түркияның ең үлкен шығынын «энергетика» құрайды.

Өткен жылы 2 миллион 965 мың 664 тонна шикі мұнай импортталған. Бұл бюджет балансы мен ағымдағы шот тапшылығына тікелей әсер етеді.

Мұнай өндірісінің артуымен Түркияның бастапқыда мұнай қажеттілігінің 20 пайызын ұлттық ресурстар есебінен қамтамасыз етуі күтілуде. Бұл ағымдағы шот тапшылығын айтарлықтай қысқартады деп күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар