Тіршілікте болмай тұрмайтын нәрсе – қалдықтар

Неге десеңіз?-08

2103641
Тіршілікте болмай тұрмайтын нәрсе – қалдықтар

Тіршілікте болмай тұрмайтын нәрсе – қалдықтар. Оның түрі мен қоршаған ортаға қаупі қаншалықты маңызды болса, дер кезінде тазартып, жойып отыру да үлкен жұмысты қажет етеді. Қоқысты бөлу  әрбір азаматтың жауапкершілігі. Өйткені әркім өз есігінің алдында сыпырса, маңай таза болады.

***

Пайдаланылған, немесе ескірген заттар мен қалдықтарды жинау, оларды өңдеу және осы материалдарды жаңа өнім өндіруде пайдалану процесі қайта өңдеу деп аталады. Дүние жүзіндегі халық санының артуы және адам қажеттіліктерінің артуы инеден жіпке дейінгі әрбір затты өте көп мөлшерде өндіруді талап етеді. Алайда бұл өндіріске қажетті шикізат пен энергияның ресурстары азайған сайын қымбаттайтыны анық. Осы мәселенің шешімі ретінде әзірленген қайта өңдеу, әсіресе ресурстарды үнемді пайдалану және табиғатқа мүмкіндігінше аз зиян келтіру үшін бірқатар шараларды жүзеге асыруға бағытталған. Бұл процестің бірінші қадамы қалдықтарды бөлу болып табылады. Қоқыстарды бөлу сапасы үрдістің барлық сатысындағы қатысушылардың белсендігі мен түсінігіне байланысты.

***

Үйімізде немесе жұмыс орнында күнделікті пайда болатын пластика, шыны және қағаз қалдықтары сұрыпталмай қоқысқа лақтырылғанда көптеген қиындықтар туғызады. Әсіресе үлкен қалаларда қоқыс жинайтын орасан аумақтарды қалыптастыру басты мәселелердің бірі болып табылады. Органикалық және бейорганикалық қалдықтар ұзақ уақыт бірге тұрғанда атмосфераға зиянды газдар шығарады. Қоқыс алаңдарын азайту үшін қайта пайдалануға болатын қалдықтарды бөлек орындарға жинау маңызды. Бұл жұмысты ұйымдастыруды жергілікті өзін-өзі басқару органдары қамтамасыз еткенімен, бұл үдерісте қала өміріне атсалысып жүрген бізге де міндеттер жүктеледі.

***

Пластмассадан, шыныдан, қағаздан бұйымдар өндірілетін шикізатты алу үшін өте жоғары энергия қажет. Сонымен қатар бұл өнімдерді соңғы түрінде шығару үшін көбірек энергия жұмсалады. Пайдаланылған материалды шикізат ретінде қарастыру бірінші энергия элементін жояды. Технология дамыған сайын қайта өңделген материалдардан аз энергиямен өнім өндіруге қол жеткізіледі. Үйіміздегі қалдықтарды бір қапшыққа жинамай, оны материалына қарай бөліп, қоқыс жинайтын жәшіктерге тастау осы процеске үлес қосу деген сөз. Шектеулі ресурстарды қорғауды үйден бастайық.

Қысқаша айтқанда, қағаз, пластика және металл сияқты материалдарды қайта өңдеу үшін іріктеп жинау өте маңызды.



Ұқсас жаңалықтар