Климат өзгерісіне байланысты 12 аурухананың бірінің жабылу қаупі бар

Ең қызықты деректер - 67

2096886
Климат өзгерісіне байланысты 12 аурухананың бірінің жабылу қаупі бар

Климат өзгерісіне байланысты 12 аурухананың бірінің жабылу қаупі бар

Климат өзгерісінен туындаған төтенше құбылыстар себебімен әлем көлемінде әрбір 12 аурухананың бірінің ішінара немесе толығымен жабылу қаупі бар екені анықталды.

**

Климат рисктері тақырыбында жұмыс істейтін «XDI» (Cross Dependency Initiative) ұйымы БҰҰ Климат өзгерісі конвенциясының 28-ші тараптар конференциясының  (COP28) Медицина күнінде климат өзгерісінен туындаған төтенше ауа құбылыстарының ауруханаларға әсері туралы есебін жариялады.

«2023 Жаһандық аурухана инфрақұрылымы климат рискі есебінде» әлем көлеміндегі 200 мыңнан астам аурухананың риск анализі орын алды. Осы есепке қарағанда, теңіз жағасында және өзенге жақын жерлерге орналасқан ауруханалар жоғары риск тобына жатады. Теңіз және өзен тасқындары ауруханаларға зиян келтіру қаупіне ие.  Ғасырдың аяғына қарай төтенше құбылыстардың жиілей түсуі және теңіз деңгейінің көтерілуімен осы қауіп одан да арта түседі.

Қазба отындардан жылдам бас тартпау және шығарындылар арта түсетін болса климат дағдарысының әсері ауырлай береді. Онда төтенше ауа құбылыстары салдарынан 2100 жылға қарай әлем бойынша әрбір 12 аурухананың біріне қауіп төнеді.

Бұл көрсеткіш барлығы 16 мың 245 ауруханаға қауіп төнетінін көрсетеді.  Бұл да қазір жоғары рисктегі аурухана санынан екі есе артық.

Сондықтан аталмыш ауруханалардың барлығында климатқа сай инвестиция қажет. Алайда осы инвестициялар құйылған жағдайдың өзінде көптеген аурухана үшін басқа орынға көшу жалғыз таңдау болуы әбден мүмкін.

Жоғары рисктегі 16 мың 245 аурухананың 71 пайызы табысы төмен немесе орта елдерде.

Есепте төтенше құбылыстардың ауруханаларға зиян келтіру рискі ғасырдың аяғына дейін 4 еседен артық болады.

Қазба отындарды қолдану жылдам азайтылса, жаһандық ауа температурасы 1,8 дәрежемен шектелсе ғана аурухана инфрақұрылымына бағытталған шығын рискі жартылай азаяды.

Оңтүстік Шығыс Азия – жер бетінде ауа құбылыстарынан зиян көру рискі ең жоғары ауруханалар орналасқан аймақ. Оңтүстік Шығыс Азияда әрбір 5 аурухананың бірі ғасырдың аяғына дейін толығымен немесе ішінара жабылуы мүмкін.

**

Түркияда 20 аурухананың біріне қауіп төніп тұр

Түркияда төтенше ауа құбылыстары себебімен жабылу рискі жоғары ауруханалардың көрсеткіші 2050 жылға дейін 3,8 деңгейінен 4,4 пайызға көтеріледі.

Ғасырдың аяғында 20 аурухананың бірінің нашар ауа райы себебімен зиян көретіні және 99 аурухананың климат өзгерісіне байланысты рискке душар болатыны болжанып отыр.

Ауруханаларды сенімде ұстаудың жалғыз жолы – көміртек шығарындыларын азайту

«XDI» ұйымының Ғылым және технология директоры Карл Мэллон әлем тұрғындарының денсаулығына климат өзгерісінің қатты әсер етіп отырғанын білдіріп, «Төтенше ауа құбылыстары ауруханалардың да жабылуына жол ашатын болса, анализіміз қазба отындардан жылдам бас тартылмаған жағдайда мыңдаған аурухананың дағдарыстар барысында қызмет бере алмайтынын, жаһандық медицинаға үлкен қатер төніп тұрғанын көрсетеді» деді.

Мэллон ауруханаларға бағытталған осы қауіп-қатерді азайтатын және қоғамды сенімде ұстайтын ең жақсы жолдың көміртек шығарындыларын азайту екенін баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар