Қазақстан-Италия қарым-қатынасының қазіргі жағдайы

Еуразия күн тәртібі 04

2094131
Қазақстан-Италия қарым-қатынасының қазіргі жағдайы

Қазақстан-Италия қарым-қатынасының қазіргі жағдайы

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  2024 жылы 18-19 қаңтарда жаңа жылда шетелге алғашқы ресми сапарын Италияға жасады. Тоқаев Римде Италия Президенті Серджо Маттарелла және премьер-министр Джорджия Мелонимен кездесті. Кездесулер нәтижесінде Қазақстан мен Италия үкіметтері арасында 7 келісімге қол қойылды. 2024 жылы Римде, 2025 жылы Қазақстанда 5+1 форматындағы кездесулер өткізу туралы уағдаласты.

****

19 қаңтарда Президент Тоқаев Италияның алдыңғы қатардағы 30 компаниясының басшыларымен дөңгелек үстел отырысын өткізді. Кездесу аясында тараптар арасында 18 келісімге қол қойылды. Екі ел арасында бірлескен инвестициялық қор құрылды. Италияның «NEOS» авиакомпаниялары Қазақстанға рейстерді ұйымдастыру туралы келісім жасалды. Кездесуден кейін Президент Тоқаев кейбір итальяндық компаниялардың басшыларымен жеке кездесулер өткізді.

***

Президент Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Римдегі кеңселерінде болды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының басшыларымен кездескен Президент Тоқаев Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастығы мәселелеріне тоқталды.

Сол күні Президент Тоқаев Ватиканға барып,  Рим Папасы Францискпен кездесті. Жиын соңында Ватикан мұрағаттары мен кітапханаларының қазақстандық ғалымдардың пайдалануына берілетіні айтылды. Президент Тоқаев Ватикан мұражайларын аралады. Естеріңізге сала кетейік, Рим Папасы Франциск Қазақстанға 2022 жылы барған болатын.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Италияға ресми сапары екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етті. Әсіресе энергетика, тау-кен өнеркәсібі, көлік, азық-түлік, сауда, өнеркәсіп және жасыл экономика сияқты салаларда жаңа деңгейге көтеріледі деп күтілуде.

***         

Қазақстанның Еуропаның күшті елдерімен қарым-қатынасы жоғары деңгейде. Қазақстан Еуропаның ірі экономикаларының бірі Италиямен стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге 2009 жылы қол қойған болатын.

***

Италия осы уақытқа дейін Қазақстанға 7,3 миллиард доллар тікелей инвестиция құйған. Қазақстан-Италия бірлескен сауда көлемі 14,5 миллиард долларға жетті. Жаңа мақсаттың ортақ сауда көлемін 20 миллиард долларға жеткізу  болып табылады. Қазақстан Италияға негізінен мұнай, бидай, түрлі пайдалы қазбаларды экспорттаса, Италия Қазақстанға негізінен дәрі-дәрмек, косметика, витаминдер экспорттайды. Қазақстанда 300-ге жуық итальяндық компания жұмыс істейді.

***

Алматыда  2023 жылы 30 қарашада Италия мәдени орталығы ашылған. Аталмыш орталық Орталық Азия географиясында бірінші болып табылады.

***

Қазақстан сыртқы саясатта тепе-теңдік элементіне үлкен мән береді. Еуразиялық географияда Ресей мен Қытайдың күшейіп келе жатқан ықпалын теңестіру үшін Қазақстан батыстың жетекші елдерімен қарым-қатынасын одан әрі дамытуға қатты көңіл бөлуде. Президент Тоқаев 2023 жылдың қыркүйегінде Германияға барса, Франция Президенті Қазақстанға сол жылдың қарашасында барған.

***

Қорыта айтқанда, Қазақстан-Италия қарым-қатынастары жоғары деңгейде дамып келеді.



Ұқсас жаңалықтар