Анкара Наллыхан инемен шілтер тоқу

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері - 68

2088083
Анкара Наллыхан инемен шілтер тоқу

 

Тіркелген уақыты: 15.02.2018 

 

Түркияның бас қаласы Анкараға қарасты Наллыхан ауданы ерекше шілтер өнерімен танымал.  Инемен шілтер тоқу «ілмек» деп аталатын кішкентай құралмен түрлі нақыш қалыптастырып жасалатын қол өнері.  Наллыхан инемен шілтер тоқу Наллыхан Даму қорының өтінішіне орай 2018 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері арасына енді.

Инемен шілтер көбіне әйелдердің басына тағылатын орамалдарды әшекейлеу үшін қолданылады. Ол аймақ елдерінің қол өнері. Тарихи Жібек жолының бойында орналасқан Наллыханда бұрын жібек көп қолданылған, сонымен бірге жібек жіптер қолданып жасалатын шілтер тоқу жетілген. Наллыхан инемен шілтердің ең маңызды ерекшелігі жіптің бүгіліп қолданылуы әдісі және шілтердің бастау нүктесі ретінде қабылданған тамыр жағының ешқашан матада болмауы. Осы әдіс шілтерге қатты пішін береді. Сондықтан Наллыхан инемен шілтер қолмен және кір жуатын машинада жууға едәуір төзімді.  Наллыхан ине шілтерінде қолданылатын жіптерде табиғи бояу таңдалады. Қатайтатын химиялық материал еш қолданылмайды. Шілтерде жалпы жеміс, жапырақ, гүл секілді нақыштар салынады.  Сонымен бірге бал арасы, көбелек секілді жануар фигуралары және түрлі геометриялық нақыштарға орын беріледі.  Айырықша тіккен кісінің арманына қарай да нақыш қалыптастырылады. Наллыханның символына айналған ине шілтері өнері аудан халқының күн көріс көзі болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар