Киімді қолданудың мерзімі азайған сайын моданың қоршаған ортаға зияны арта түседі

Ең қызықты деректер - 64

2087971
Киімді қолданудың мерзімі азайған сайын моданың қоршаған ортаға зияны арта түседі

Киімді қолданудың мерзімі азайған сайын моданың қоршаған ортаға зияны арта түседі

БҰҰ Қоршаған орта ұйымы (UNEP) деректеріне қарағанда, мода секторы үшін жыл сайын 159 миллион ағаш кесіліп,  93 миллиард текшеметр су қолданылады. Мамандар осы сектордың табиғи ресурстарға деген зиянының қажеттен тыс тұтынудан туындағанын айтты.

**

БҰҰ Қоршаған орта ұйымы (UNEP) тарапынан 2022 жылы жарияланған «Тұрақты мода 2021-2024 стратегиялары» атты есепте мода секторының климат өзгерісіне және экологиялық дағдарысқа ең көп әсер еткен салалардың бірі екені, табиғи ресурстарды көп қолданғаны, қалдық жағармайға тәуелді екені, логистикалық желі себебімен ластыққа жол ашқаны және көп мөлшерде қалдық өндіргені атап көрсетілді.

Киімді қолданудың мерзімі азайған сайын мода секторының қоршаған ортаға зияны арта түседі. Дүние жүзінде жыл сайын 100 миллиардтан астам киім өндіріледі.  Мода саласы үшін жыл сайын 159 миллион ағаш кесіледі. Киім өндіру үшін жылына 93 миллиард текшеметр су қолданылады. Осы көрсеткіш жаһандық су тұтынудың 4 пайызын құрайды.

Мода саласының климат өзгерісі және экологиялық дағдарысқа ең көп әсер еткен салалардың бірі екені білдірілді.

Мода индустриясынан туындаған көміртек шығарындыларының жаһандық шығарынды арасындағы үлесі 2-6 пайыз арасында.

**

Киімдердің боянуы және өңделуі нәтижесінде әсіресе Бангладеш, Индонезия, Өзбекстан, Қытай және Комбоджа секілді елдерде су көп ласталады. БҰҰ Қоршаған орта ұйымы тарапынан 2022 жылы жарияланған «Тұрақты мода 2021-2024 стратегиялары» атты есепте мода және текстиль саласынан туындаған ластанудың соңғы 15 жылда артқаны орын алды.

Айырықша одан да көп өндіріс нәтижесінде одан да көп қалдық шығуы ластанудың артуының ең маңызды себебі ретінде көрсетілді.  Есепте «Әлем көлемінде әрбір секундта орташа бір жүк көлігіне сыятын киім қоқысқа лақтырылады немесе өртеледі» сөздеріне орын берілді.

Мода және текстиль индустриясы көп ұлтты құрылымда болғандықтан логситика процестері де көп мөлшерде шығарындыға жол ашады.  Әлемнің түрлі жерінде өте үлкен текстиль қалдықтары бар.  Африканың Акра аймағына апта сайын орташа 60 контейнер киім жолданады. Акралықтар жыл сайын 15 миллион қолданылған киім көшімен арпалысады. Бұлардың 40 пайызы өте төмен, қайта өңделмейтін сапада.

Өнімдер құрғақ өңдеуден өткізілуі керек

Көп қолданылатын текстиль өнімдерінің құрғақ процестерден өткізіліп өндірілуі жуу процестерінің азайтылуы деген мағынаға келеді.  Әлемнің көптеген жерінде құрғақшылық болып жатқанда осыншама судың жұмсалуы климат әділетсіздігін қалыптастырады.

Қоршаған орта әсерлері өлшенетін,  су тұтыну, судың тазалығы,  топырақ және тыңайтқыш қолдану бақылауға алынатын, биотүрлілікті қорғайтын, құрғақ процестер қабылданатын өндіріс түрлерімен болашағымызды сақтап қалу үшін бірсыпыра шешім жолдарын айқындау қажет.

 

Дереккөз - AA 



Ұқсас жаңалықтар