Сакария Тараклы угут тәттісі

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері - 67

2084884
Сакария Тараклы угут тәттісі

Тіркеу уақыты: 27.07.2021

 Түркияның Қаратеңіз жағасындағы Сакария қаласының Тараклы ауданында өте танымал бір тәтті түрі бар.  Өркен берген бидай шөбінен жасалатын «Тараклы Угут тәттісі» Сакария Сауда және өнеркәсіп палатасының өтініші бойынша 2021 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері қатарына енді. Тәттіні жасау үшін алдымен аймақта өсетін бидай түрі белгілі бір температура мен ылғалдылыққа ие ортада өседі. Өркен берген бидайды арасында араластырып отырады. Өндірістің әрбір сатысында шеберлік қажет ететін тәтті үшін арнайы өсірілген бидайды тоқпақтен ұрып, езеді. Сүзіп суын сығып алады.  Бидайдың суына аздап су қосып, араластырады. 5 келі бидайға шамамен жарты келі су қосып,  осы қоспаны бақыр қазанда қайнатады.  Қайнатқан кезде отын қолданады.  Артынан осы қоспаға аздап бидай ұнын қосады. Қайнату процесі сұйық қоспа қою болғанға дейін жалғасады. Осы сатыдан кейін Тараклы угут тәттісінің түсі қараяды және ыстық күйінде әйнек ыдыстарға салады.  Өндіріс сатысында қант немесе химиялық тәттілер қосылмағандықтан табиғи бидайдың дәмі тәттіге өз ароматын береді.  Хыдыреллез мерекесі, той және астарда осы Угут тәттісі дайындалады. Ол күннің көзінен тасада, құрғақ және салқын жерде 12 ай тұра береді. Шыны ыдыстың қақпағы ашылғаннан кейін 15 күн ішінде жеу керек.

 



Ұқсас жаңалықтар