Машина айдаған кезде ұялы телефон қолдану өте қауіпті

Неге десеңіз?-02

2084804
Машина айдаған кезде ұялы телефон қолдану өте қауіпті

Машина айдаған кезде ұялы телефон қолдану өте қауіпті

Бүгін өміріміздің ажырамас бөлігі болып саналатын ұялы телефон туралы сөз қозғаймыз. Біздің әңгімеміз дамып келе жатқан ұялы телефон технологиясы туралы емес, жол қатынасында ұялы телефондарды пайдалану туралы болмақ. Мен ұялы телефонымды машина айдаған кезде   қолданбаймын. Неге десеңіз? Өте қауіпті.

***

Машина айдау қарапайым көрінгенімен сақтықты талап етеді.  Біздің миымыз әртүрлі жақтан келетін тітіркендіргіштерге назарымызды сергек ұстау үшін әдеттегіден көбірек жұмыс істейді. Жүргізушілер педальдарды басу, рульді ұстау, айналарды тексеру және жол жағдайын бақылау сияқты көптеген әрекеттерді бір уақытта орындайды. Автоматты болып көрінетін бұл әрекеттер шын мәнінде миымыз сол сәтте шешетін және қолымыз бен көзімізге жіберетін командалармен орындалады. Біз бұл туралы білмесек те, ми бірден басқаруға тырысатын осы күрделі әрекет кезінде көлік жүргізуден басқа элементтердің пайда болуы миымызға қосымша тапсырманы білдіреді. Механикалық құрылғылар сияқты, миға өз мүмкіндігінен жоғары жүктеме түскенде, ол қалыпты жұмыс режимінен шығып, ақаулық белгілерін көрсетеді. Кейде адамның жүйкесін жұқартады.

***

«Неге көлік жүргізу кезінде телефонмен екі минут сөйлесу миымды шаршатады?» деген сұраққа кейбір тұжырымдармен жауап берейік. Зерттеулер көрсеткендей, телефонмен сөйлесетін жүргізушілер қауіпті жағдайларды танып, сақтық шараларын қабылдауда телефонмен сөйлеспейтіндерге қарағанда сәтті емес. Ми мен дене тұрақты үйлестіруде болған көлік жүргізу кезінде кез келген қауіпке бір секундтан аз уақыт ішінде араласу өте маңызды. Мидың телефон қоңырауларымен айналысуы әдетте денеге қысқа уақытта берілетін командалардың баяулауына әкеледі.

***

Құлаққап пен микрофон арқылы сөйлесу мәселені толық шешуді қамтамасыз етпейді. Зерттеулер жүргізушілердің телефон арқылы сөйлескенде  қолы бос болмағымен, қоңырауларының мазмұны оның назарын аударады да абайсыздық жағдай туылады. Телефондағы күнделікті жай сөйлесулер адамды шамамен жиырма пайыз алаңдатса,  көп сөйлесулер  шамамен отыз пайыз алаңдатады. Сонымен қатар көлік жүргізу кезінде телефонмен сөйлесу жол ережесін бұзу болып саналады .



Ұқсас жаңалықтар