Газа секторында қоршаған ортаның ластануы

Ең қызықты деректер - 63

2084874
Газа секторында қоршаған ортаның ластануы

Газа секторында қоршаған ортаның ластануы

Газа муниципалитеті 26 күннен бері Израильдің үздіксіз бомбалауының астында қалған Газа секторында қалдық суды тазалау базаларының жұмыс істемей тұрғанын білдіріп,  сондықтан лас судың теңізге араласуы салдарынан қалыптасатын қоршаған орта апаты жөнінде ескерту жасады.

**

Газа муниципалитеті жазбаша хабарлама жариялап,  Израиль бомбалауында зардап шеккен, электр қуаты үзілуі және жағармай тапшылығына байланысты жұмыс істемейтін жағдайға келген су тазалау базаларынан лас судың теңізге құйылып жатқанын білдірді. Муниципалитет Газа секторынан күніне 65 мың стакан лас судың теңізге құйылғанын және осы жағдайдың денсаулық және қоршаған орта қаупін тудырғанын хабарлады.

Газа қаласындағы Шейх Рыдван көліне де күніне  мың стакан лас су аққаны айтылды. Лас су проблемасы жалғасқан жағдайда «толық апат» болатыны ескертілді. Газа муниципалитеті айырықша медицина, қоршаған орта және гуманитарлық салада жұмыс істейтін ұйымдарды осы тақырыппен айналысуға шақырды.

Израильдің Газадағы шабуылдарында соңғы ахуал

Хамас ұйымының қарулы қанаты Иззеддин әл-Кассам бригадалары 7 қазан күні Израильдің «Палестиналықтарға және Ақса мешіті бастаған қасиетті құндылықтарға деген заң бұзушылықтарына тойтарыс беру» себебімен шабуыл бастады. Израиль армиясы да Газа секторын бомбалай бастады.

Израильдің 7 қазан күнінен бергі шабуылдарында басқыншы күштер 1130-дан астам адамды қырды.  Қаза тапқандардың 8 мыңнан астамы балалар мен әйелдерден тұрады. 28 мың адамның жарақат алғаны білдірілді. Газадағы Денсаулық сақтау министрлігі 10 қараша күнгі мәлімдемесінде Израиль шабуылдарында 4 506-сы бала, 3027-сі әйел,  барлығы 11078 палестиналықтың өлтірілгенін,  27 мың 490 мың адамның жарақат алғанын білдірді.  

Израиль армиясы Газаға 26 қазан күні құрлықтан ішінара операция бастап, әуе шабуылдарының да көлемін арттырды.

Газада мыңдаған жаралы және науқас адам бар ең ірі медициналық база болып есептелетін Шифа ауруханасы да Израиль армиясының нысанасына айналды.

Дереккөз - AA 



Ұқсас жаңалықтар