Түркияның ең ащы бұрышының Хатайда өсетінін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 68

2077562
Түркияның ең ащы бұрышының Хатайда өсетінін білетін бе едіңіз?

Сіз ащыны жақсы көресіз бе? Қазіргі таңда бұрыш ағзаны аурудан қорғап, мидағы бақыт гормонын арттырғаны дәлелденген.

Бұрыш өндірісінде әлемде маңызды орынға ие Түркияның ең ащы бұрышы Хатайдың Самандағ ауданында өсіріледі. Бүкіл әлемде жарамды «Scoville» ащы көрсеткіші 50 мың болып өлшенген Самандағ бұрышы топырақ пен ауа райына байланысты тек осы аймақта өседі. «Scoville» жылу бірлігі шын мәнінде біз ащы деп атайтын дәмді емес, өнімдегі «капсаицин» деп аталатын заттың ауызда қанша жылу қалдыратынын өлшейді. Капсаицин - ащы бұрышты ыстық ететін зат. Адам тіліндегі капсаицин рецепторларына да бұл элемент әсер етіп, ауырсыну мен жылу сезімін тудырады.

Түркияда ғана емес, дүниежүзінде де таңдаулы бұрыштар қатарында тұрған Самандағ бұрышы қалың қабықты, сулы және өте ащы бұрыштың түрі. Көктемнен жазға дейінгі өтпелі кезеңде өсетін бұл бұрыштың денсаулыққа пайдасы көп. Асқазанда ас қорытуды жеңілдетуші және салмақ тастағысы келгендерге арналған дәрі іспетті. Құрамында талшықтары жоғары бұл бұрыш іш қатуды да басады. Сондай-ақ күшті антиоксидант болған Самандағ бұрышының жүрек ауруларына жақсы екені алға тартылады. Құрамында С витамині көп болғандықтан иммундық жүйені нығайтады. Теріні жылтыр көрсететін Самандағ бұрышы холестерин деңгейін де төмендетеді.

Барлық осы пайдаларына қарамастан қатты ащы болған бұл бұрышты асқазан мен ішек аурулары бар адамдардың абайлап тұтынуы керек. Асқазан мен ішекті тітіркендіретін Самандағ бұрышын қан қысымы бар науқастар мен жүкті әйелдердің қолданбауы ұсынылады.



Ұқсас жаңалықтар