Бір полярлы әлем тәртібі аяқталып қалды.  Осы жүйеден ең көп қай ел пайда табады?

Ең қызықты деректер - 56

2071587
Бір полярлы әлем тәртібі аяқталып қалды.  Осы жүйеден ең көп қай ел пайда табады?

Бір полярлы әлем тәртібі аяқталып қалды.  Осы жүйеден ең көп қай ел пайда табады?

 Сауд Арабиясы, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Эфиопия,  Иран, Мысыр,  АргентинаBRICS-ке қосылатын алты ел.  Қытайдың қарамағында қалыптасатын бір күштің қазірге тәртіпке қарсы шығатынының бір көрсеткіші.  Алайда Түркия секілді не Вашингтон не болмаса Пекин осінде орналаспаған және ұлттық мүдделерін қорғайтын елдердің осы тәртіптен көп пайда табатыны көзделіп отыр.

**

Америка Құрама Штаттары басшылығында бір полярлы әлем тәртібінің қызығын көрген батысқа қарсы шығушылық басталды.  Көптеген маман АҚШ және Қытай екі полюсті қалыптастырған жаңа әлем тәртібі туралы айтса да, өзін осы елге де жақындатпаған және ұлттық мүдделеріне басымдық беретін елдер де бар.  Түркия, Сауд Арабиясы, Үндістан және Индонезия секілді.

Бір полюске бағынбайтын елдердің басында Түркия келеді.

Түркия көптеген жылдан бері өз мүдделеріне сай саясат жүргізіп, батыстың да қасында емес,  басқа елдердің де қасында емес.

Ресей мен Украина соғысындағы ұстаным да осының ең үлкен дәлелі.  Швеция және Финляндияның НАТО-ға мүше болу процесінде де Түркияның ұстанымы Түркияның өз мүдделерін қорғайтын тәуелсіз күш екенін көрсетеді.

Сауд Арабиясы мен Үндістан да осындай елдер.

Сауд Арабиясының BRICS-ке қосылуы болса дәстүрлі одақтасы АҚШ-пен бара бара мүдде қақтығысына баруына бір мысал.  Сауд Арабиясының мұнай жеткізуді өзгертуге байланысты шешімдерінің де екі ел арасындағы келіспеушілікке жол ашқаны белгілі. Сауд Арабиясы Қытайға жақындап, АҚШ-қа қарсы маневр алаңын кеңейтуге тырысуда.

BRICS мүшесі Үндістан болса Қытайдың хегемониясына кіруге тартынады.  Үндістан премьер-министрі Нарендра Модинің Вашингтон және Париждегі байланыстары да Қытайдың жанында болмайтынының көрсеткіші.  Үндістанның BRICS-тің доллардың билігін доғару үшін ұсынған ортақ валюта ұсынысына қарсы шығуы да осыған мысал бола алады.

Құрлық Еуропасына Германия баламасы

Германия да екі полюске  қосылмай өз аймақтық полюсін қалыптастыруға кандидат елдердің арасында. Құрлық Еуропасының англо-саксон мемлекеттерінің мүдделерінен бөлек мақсаттарының болуы – осының ең үлкен себебі.

АҚШ қарамағынан шығып, өз мүдделерін ойлауға тырысқан Еуропа Одағы жаңа аймақтық полюс қалыптастыру әлеуетіне ие.  Осының жолы да Германия басшылығында аймақтық полюс қалыптастырудан өтеді.

Жаңа жүйеге өтерде басылатын қадамдар өте маңызды

Өз аймақтық полюстерін қалыптастыруға күші жететін мықты елдер мен одақтар ең көп пайда табатын елдер болып табылады.  Себебі  - теңгерім саясаты және тараптарды бір-біріне қарсы жіберіп қойып түсіретін табыстары.

АҚШ пен Қытай қатынастарының бәсекелес деңгейде өтіп, дұшпандыққа дейін баратын қазіргі жағдайы осы алаңды ашады.

Жаңа әлем тәртібіне өткенде қалыптасқан жүйені жақсы қолданған елдер 21-ғасырдың жарқыраған жұлдыздары болады.

Дереккөз - TRT Haber



Ұқсас жаңалықтар