Ангора қоянының бүкіл әлемге Анкарадан тарағанын білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 64

2066098
Ангора қоянының бүкіл әлемге Анкарадан тарағанын білетін бе едіңіз?

Анкара қояны - әлемге «Ангора қояны» деген атпен белгілі, жүні жұмсақ және ұзын қоянның түрі. 

Бұл түрдің шыққан жері Түркияның бас қаласы Анкара және сол жерден бүкіл әлемге тарайды. Тарихи деректерге қарағанда Ангора қояны Түркияда 1723 жылы жойылып кеткен. Дәл сол дәуірде Еуропадағы француз ақсүйектері арасында ең танымал үй жануарлары Ангора қояны болатын. 1900 жылдардың басында АҚШ-та белгілі болды. Бірнеше ғасырдан кейін Германияда тұратын түрік азаматы тарапынан Түркияға оралған Ангора қояны туған жеріне оңай бейімделіп, қайтадан өсіріле  бастады.

Ангора қояны ең алдымен жүні үшін, содан кейін еті мен терісі үшін өсіріледі. Жүн өндіруге арналған жалғыз қоян тұқымы – Ангора қояны. Әрбір қоян жылына орташа есеппен 1 кг жүн береді. Жоғары жылыту қасиетіне ие Ангора қояны жүні, өте жеңіл болғанына қарамастан жылуды сақтайды және өте жұмсақ. Осы қасиеттерге байланысты көбінесе мата, бас киім, жемпір, көрпе, бала киімдері мен шаңғы киімдерінің өндірісінде қолданылады. Өзінің электромагниттік қасиетіне байланысты ол ревматизммен ауыратын науқастарға арналған арнайы киімдердің де негізгі материалы болып табылады және дыбыс толқынын өте жақсы өткізбейтіндіктен авиация мен ғарыш өнеркәсібінде де қолданылады. Ангора қоянының алтындай құны бар жүні қой жүнінен сегіз есе көбірек жылу береді және аллергия тудырмайды.

Дүние жүзінде 10 мың тоннаға жуық қоян жүні өндіріледі. Бүгінгі таңда Ангора жүні шикізатының қайнары өкінішке орай оның отаны Түркия емес, дүние жүзіндегі өндірістің 90 пайызын бақылауына алған Қытай болып табылады. Әлемде Оңтүстік Америкада, Австралияда және Еуропада да бағатын, саны миллиондап есептелетін Ангора қояны өз отанындағы санаулы шаруашылықтарда ғана өсіріледі.



Ұқсас жаңалықтар