Түрік республикаларында соңғы апта

Еуразия күн тәртібі - 64

2065683
Түрік республикаларында соңғы апта

7 қараша күні Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Катардың бұрынғы премьер-министрі Хамад бин Жасим әл Таниді қабылдады.  Кездесуде Өзбекстанға жасалатын жаңа инвестициялар талқыланды.

8-9 қараша күндері аралығында Ташкентте Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 16-шы саммиті болып өтті.  Саммитке Әзербайжан, Иран, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Түркия президенттері, Қазақстан және Пәкістанның премьер-министрлері қатысты.  Ташкентте көптеген кездесу өткізілді.  Саммит шеңберінде «Орталық Азияда климат өзгерісі: Балалар мен жастардың істері атты халықаралық форум ұйымдастырылды.  Экономикалық ынтымақтастық ұйымының келесі саммиті Әзербайжан болады.

8 қараша күні «Орталық Азия-G7 елдері сыртқы істер министрлерінің» жиналысы онлайн өтті.  Жиналысқа қатысты елдердің сыртқы істер министрлері мен вице-министрлері қатысты.  Жиналыста G7 елдерінің Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығын жетілдіру тақырыптары қолға алынды.

9 қараша күні Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин Қазақстанға ресми сапармен барды.  Астанада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин оңаша кездесті, артынан делегациялар арасындағы кездесу болып өтті.  Кездесулерден кейін 7 келісімге қол қойылды.  Қазақстан мен Ресей президенттері Қостанайда өткен Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына онлайн қатысты.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 9-11 қараша күндері аралығында Францияға барды.  Президент Жапаров Парижде Әлемдік саммитке қатысты және ЮНЕСКО-ның 42-ші отырысына қатысты.  Жапаров ЮНЕСКО басшысы Одри Азулемен кездесті.

9-11 қараша күндерінде Италия президенті Сергио Маттарелла Өзбекстанға ресми сапармен барды.  Ташкентте екі ел президенті кездесу өткізді.  Кездесуден кейін Өзбекстан мен Италия арасында 3 келісімге қол қойылды.  Италия президенті сапар шеңберінде Хива және Самарқанд қалаларын аралады.

**

6 қараша күні Хорватия премьер-министрі Андрей Пленкович Әзербайжанға ресми сапармен барды.  Хорватия премьер-министрі Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, премьер-министр Али Асадов және Ұлттық мәжіліс төрайымы Сахиба Гафаровамен кездесті. Бакуде өткен кездесулерде Әзербайжан мен Хорватия, Әзербайжан мен НАТО, Әзербайжан мен Еуропа Одағы қарым-қатынастарына байланысты түрлі тақырыптар қолға алынды.

6 қараша күні Стамбулда Түрік республикалары Ақпарат агенттіктері Медиа форумы болып өтті.  Форум нәтижесінде Түрік Ақпарат агенттіктері одағы құрылды.

9-10 қараша күндері аралығында Самарқанда Халықаралық Түрік академиясы тарапынан Түрік республикалары археологтары жиналысы өткізілді.  Жиналысқа Әзербайжан,  Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолстан, Татарстан және Түркиядан археолог мамандар қатысты.  Жиналыс нәтижесінде Халықаралық Түркі академиясы шаңырағы астында Түрік әлемі археология зерттеу институттары мен орталықтары одағы құрылды.

9 қараша күні Әзербайжанда Түрік мемлекеттері ұйымы 7-ші Жастар және спортқа жауапты министрлер жиналысы болып өтті.  Жиналыста ұйымға мүше елдер мен бақылаушы елдердің спорт және жастар саясаттары тақырыбында ынтымақтастық мәселелері қолға алынды.



Ұқсас жаңалықтар