Түркияның алғаш халықаралық шарасының Париж Олимпиадасы екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 61

2057460
Түркияның алғаш халықаралық шарасының Париж Олимпиадасы екенін білетін бе едіңіз?

Түркия Республикасы қатысқан алғашқы халықаралық шараның 1924 жылғы Париж Олимпиадасы екенін білетін бе едіңіз?

 

Әлемдегі ең үлкен халықаралық спорттық шара болған Олимпиадаға Түркия Республикасы ресми түрде алғаш рет 1924 жылы Парижде қатысты. Жаңа Түрік мемлекеті әлемге танымал болу үшін жақсы бір насихат құралы ретінде қарастырды. Ұлтазаттық соғыстан кейін мемлекет жеткіліксіз қаржыға қарамастан үлкен ықыласпен футбол, күрес, жеңіл атлетика, семсерлесу және велоспорт салалары бойынша 40 спортшыны Парижге жіберді.

1936 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарында Түркия құрамасын да алғаш рет түрік әйел спортшылар да қосылды. Екінші дүниежүзілік соғыстан бұрын Берлинде «нацизм» идеологиясы мен Адольф Гитлердің көлеңкесінде өткен 11-ші Олимпиада ойындарына Түркия 2-і әйел, барлығы 60 спортшымен қатысып, Олимпиада тарихындағы алғашқы медальдарын сонда жеңіп алды. Олимпиада ойындары тарихында жеңіске жеткен алғашқы түрік спортшысы, еркін күрестен қола жүлдегер Мерсиндік Ахмет Киреччи болды. Грек-рим күресінен жарысқа түскен Яшар Еркан болса осы салада Олимпиада чемпионы атанды. Бұл жеңіс – Олимпиада ойындары тарихында Түркияға әкелінген алғаш алтын медаль. Бұл хабарды алған Мұстафа Кемал Ататүрік «Сен кішкентайсың, бірақ ел үшін маңызды қызмет атқардың. Сенің есімің түрік спортының тарихында енді. Көп жаса!" деп бір телеграммамен спортшыны құттықтады.

Республиканың алғашқы жылдарынан бері түрік спортшыларының әлемнің ең үлкен спорттық шарасы болған Олимпиадаға қатысуы түрік спорт тарихы тұрғысынан өте маңызды. Жылдар бойы соғыстардың көлеңкесінде қалған түрік спортының дамуында Олимпиадаға қатысудың ықпалы зор. Мұстафа Кемал Ататүріктің басшылығымен құрылған Түркия Республикасы әр салада болғандай спортқа көрсеткен қолдауымен заманауи бір мемлекет екенін дәлелдеді.



Ұқсас жаңалықтар