Әлемдегі ең үлкен мешіттердің бірінің Стамбулда екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 59

2051113
Әлемдегі ең үлкен мешіттердің бірінің Стамбулда екенін білетін бе едіңіз?
Büyük Çamlıca Camii istanbul 2.jpg
Çamlıca Camii.jpg
çamlıca cami.jpg

Әлемдегі ең үлкен мешіттердің бірінің Стамбулда екенін білетін бе едіңіз?

Түркияның ең үлкен мешіті ретінде Чамлыджа мешіті 63 мың адам сыйымдылығымен әлемдегі ең үлкен 13-ші мешіт. Мешіт Стамбулдың Үскүдар ауданындағы Чамлыджа төбесінде орналасқан. Құрылысы 2013 жылы басталып, 2019 жылы 3 мамыр күні ашылған мешіттің ауданы 57 мың 500 шаршы метрді құрайды.

Чамлыджа мешітінің дизайндық жобасын Хайрийе Гүл Тоту мен Бахар Мызрак жасаған. Әйел сәулетшілер бір мезетте 63 000 адам сиятын мешітте әйелдерге одан ыңғайлырақ намаз оқуға мүмкіндігін беруді жоспарлаған. Жобаның соңғы нұсқасын сәулетші Хаджы Мехмет Гюнер дайындаған. Жер сілкінісі болуы мүмкін екенін ескерген дизайнерлер табиғи апат кезінде 100 000 адам мешітті паналайтындай жобалаған.

Мешіттің биіктігі 72 метр болатын бас күмбезі Стамбулда тұратын 72 ұлтты, ал диаметрі 34 метрлік күмбезі Стамбулды бейнелейді. «Чамлыжа» мешіті сонымен қатар ені 5 метр, биіктігі 6,5 метр және салмағы 6 тонна болатын негізгі есігімен әлемдегі ең үлкен құлшылық есіктерінің бірі болып табылады.

Мешіт кешенінде сонымен қатар мұражай, көркемсурет галереясы, кітапхана, 1000 орындығы бар конференциялық залы, 8 өнер шеберханасы және 3 500 көлікке арналған автотұрағымен назар аударады. Чамлыджа мешітін ашылған күннен бері тек ғибадат ету үшін ғана емес, сонымен қатар туристік мақсатта миллиондаған жергілікті және шетелдік келуші аралаған.



Ұқсас жаңалықтар