Міндетіміз – Ай. Қазірге дейін қай елдер кетті? Жақын болашақта не болады?

Ең қызықты деректер - 53

2050567
Міндетіміз – Ай. Қазірге дейін қай елдер кетті? Жақын болашақта не болады?

Міндетіміз – Ай. Қазірге дейін қай елдер кетті? Жақын болашақта не болады?

 Миллиондаған жарық жылы қашықтықтағы галактикаларды түсірсек те, ең жақын көршіміз Ай әлі сырға толы. Міне,  осы сырларды жарыққа шығару және жер серігімізде тіршілік алаңын қалыптастыру үшін Айға адамы бар және адамсыз жүргізілген экспедициялар жалғасуда. Ал қазірге дейін қай ел не істеді және жақын болашақта не болады?

**

Ай ең жақын көршіміз болғандықтан әлемдегі көптеген елдің ғарыш сапарының мақсаты болды.  Енді адам баласы алдымыздағы он жылда айға бір колония құруға бастауы мүмкін.  Осындай жаңа кезеңнің табалдырығында тұрған секілдіміз.

Бұл елдердің ресурстар, технологиялар және тәжірибелерін бөлісуге болатын жақын халықаралық ынтамақтастықты қажет етеді. Бүгінге дейін 11 ел мен ұйым Айға ғарыш көлігін жіберді.

Осы елдер  - Кеңес Одағы/Ресей, Америка Құрама Штаттары, Жапония, Қытай, Үндістан, Израиль, Италия, Люксембург, Оңтүстік Корея, Біріккен Араб Әмірліктері мен Еуропа Ғарыш агенттігі арқылы Еуропа Одағы.

Алайда бұлардың барлығы Ай бетіне көлік қондыру немесе тікелей аяқ басу деген мағынаға келмейді. Айға қонулар көліктің қону жылдамдығына (және жерге қонғаннан кейін жұмыс істеп істемеуі керектігіне) байланысты қатты қону немесе жұмсақ қону деп екіге бөлінеді.

Жұмсақ қону ғарыш кемесі сенімді және жай жылдамдықпен қонғанда айтылады және экипажы бар міндеттерде немесе кеменің қонғаннан кейін ғылыми өлшемдер жасауы, тест жасауы күтілген міндеттерде қажет. Қазірге дейін тек үш ел Айға жұмсақ қонды: Америка Құрама Штаттары, Ресей және Қытай.

2030 жылға дейін Айға жетуді жоспарлаған елдер:

Көптеген ел я белсенді ғарыш бағдарламаларына ие немесе арнайы қаржыландырылған ғарыш бағдарламаларына ие.  Сондықтан 2030 жылға дейін Айға экипажы бар немесе экипажсыз жұмсақ қонуды аяқтаулары мүмкін.

Осы елдердің бірі де Түркия.

Түркия алдымыздағы 10 жылда Айға қатты және жұмсақ қонады.

Зымыран үш күндік сапарында дерек жинап,  Жер шарына жеткізеді. 2028 жылы да жұмсақ қону арқылы Түркия Айда ғылыми зерттеу жүргізетін санаулы елдер қатарында болады.

Дереккөз – TRT HABER



Ұқсас жаңалықтар