Түркі Республикаларының достығы бекемделуде

Еуразия күн тәртібі – 59-2023

2050540
Түркі Республикаларының достығы бекемделуде

Бүгінгі бағдарламамызда Түркі Республикаларының күн тәртібіндегі маңызды оқиғаларға тоқталамыз.

Ардақты тыңдармандар.

2023 жылы 1-2 қазанда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев ресми сапармен Катарға барды. Катар Әмірі Тамим бен Хамад әл-Тани президент Мирзиеевті салтанатты түрде қарсы алды. Кездесулерден кейін екі ел арасында 9 келісімге қол қойылды. Көшбасшылар «ЕХПО Доха-2023» көрмесінің ашылу салтанатына қатысты. Сапар аясында президент Мирзиеев Катардың кейбір компанияларының басшыларымен жеке кездесулер өткізді.
Шавкат Мирзиеев 5-7 қазанда Ресей Федерациясына ресми сапармен барды. Осы аяда Мирзиеев Татарстанның астанасы Қазанда болды. Татарстан басшысы Рустам Минниханов президент Мирзиеевпен кездесіп, қонағына Қазан Кремлін аралатты. Президент Мирзиеев Қазан ЕХПО көрмесін де аралады. 4 қазанда Қазанда Ресей-Өзбекстан 3-ші Аймақаралық ынтымақтастық форумы өтті. Форумда жалпы 3.5 миллиард долларлық келісімдер жасалды.

6 қазанда президент Мирзиеев Қазаннан Мәскеуге өтті. Мәскеуде президент Мирзиеев Ресей Федерациясының премьер-министрі Михаил Мишустинмен және президент Владимир Путинмен кездесті. Келіссөздер нәтижесінде екі ел арасында 10 келісімге қол қойылды. 7 қазанда Ресей, Қазақстан және Өзбекстан президенттері ресейлік табиғи газды Қазақстан арқылы Өзбекстанға тасымалдайтын жобаның құрылысын бастады.

2023 жылғы 6 қазанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл әл-Мезруиді қабылдады. Кездесу барысында екі ел арасындағы қарым-қатынастың дамып келе жатқаны баса айтылды. Біріккен Араб Әмірліктерінің «Масдар» компаниясы Қырғызстанда күн электр стансасын салатыны жарияланды.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 2023 жылғы 6 қазанда Иран Ислам Республикасының Жол және инфрақұрылым министрі Мехрдад Базрпашты қабылдады. Кездесуде екі ел арасындағы қарым-қатынасқа қатысты түрлі мәселелер талқыланды. Дәл осы күні Зангилан облысында Әзербайжан-Иран шекарасында жаңа көпір мен шекара бекетінің құрылысы басталды.
2023 жылдың 6 қазанында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Сербия Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Владимир Орличті қабылдады. Кездесу барысында Әзербайжан-Сербия екіжақты қарым-қатынастарының деңгейіне қанағаттанушылық білдірілді. Сербия Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Владимир Орлич ресми сапар аясында Әзербайжан премьер-министрі Әли Асадовпен және Парламент төрайымы Сахиба Гафаровамен кездесті.

2023 жылдың 3 қазанында Түрік Мемлекеттері Ұйымы құрылғанына 14 жыл толуы атап өтілді. 4 қазанда Стамбулда ұйымға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары көпжақты саяси кеңес жиналысын өткізді. Түркі Мемлекеттері Ұйымының келесі саммиті 2023 жылдың 3 қарашасында Астанада өтеді.

Түрік Мемлекеттері Ұйымы Әділет министрлерінің кездесуі 2023 жылдың 5 қазанында өтті. Кездесу аясында Түрік Мемлекеттері Ұйымының Нотариустар одағының құрылуына қатысты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар ТҮРІКСОЙ ұйымының жетекшілігімен Түркі әлемі Киногерлер одағы құрылды.

Оқиғалардан байқалғанындай, өткен апта Түркі Республикалары үшін табысты өтті. Түрік Мемлекеттері Ұйымы Түркі Республикалары арасындағы ынтымақтастықты жоғары өреге көтеру үшін жұмыстарын жалғастыруда.



Ұқсас жаңалықтар