Анадолы агенттігінің республика жарияланғанға дейін құрылғанын білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 58

2047968
Анадолы агенттігінің республика жарияланғанға дейін құрылғанын білетін бе едіңіз?

Түркия Республикасының ресми ақпарат агенттігі Анадолы агенттігінің (АА) республика жарияланғанға дейін құрылғанын білетін бе едіңіз?

Түркия Республикасының тарихында Анадолы агенттігінің маңызы зор. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Османлы мемлекетінің жерлерін басып алумен басталған «Түрік азаттық соғысы» кезінде 1920 жылы 6 сәуір күні құрылған Анадолы агенттігі ұлтазаттық соғыс пен республиканың жариялануы және төңкерістердің әрбір кезеңіне куә болды.

1920 жылы 16 наурыз күні Стамбулды ресми жаулап алғаннан кейін ондағы зиялылар Ұлттық күреске қатысуды таңдап, Анкараға аттанды. Бұл зиялылардың арасында журналист Юнус Нади мен журналист әрі жазушы Халиде Эдип болды. Ұлтазаттық соғыс жылдарында болып жатқан оқиғаларды халыққа мейлінше дұрыс жеткізу және бұл күрестің әділдігін әлемге жария ету қажет болды. Осы мақсатта бір жұмыс бастаған Халиде Эдип және Юнус Нади Мұстафа Кемалмен ақпарат агенттігінің құрылуы туралы ойларын ортаға салды. Мұстафа Кемал ұлтазаттық соғыстың басында баспасөздің маңыздылығын түсініп, осы мақсатта газет шығаруға бастама көтерді. Осылайша Анадолы агенттігі мемлекет құру кезінде Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің ашылуына 17 күн қалғанда Мұстафа Кемалдің 1920 жылы 6 сәуір күні жариялаған циркулярмен өз жұмысын бастады.

Анадолы агенттігінің заманауи бір ақпарат агенттігіне айналуы 1925 жылы 1 наурыз күні «Анадолы агенттігі түрік акционерлік қоғамының» құрылуымен жүзеге асты. Осылайша Анадолы агенттігі сол кезде бұрын-соңды болмаған құрылымымен автономды мәртебеге ие болды және содан бастап қоғамдық журналистикамен айналысуды жалғастыруда.



Ұқсас жаңалықтар