Түркі Республикаларының күн тәртібіндегі маңызды оқиғалар

Еуразия күн тәртібі – 58-2023

2047419
Түркі Республикаларының күн тәртібіндегі маңызды оқиғалар

Бүгінгі бағдарламамызда Түркі Республикаларының күн тәртібіндегі маңызды оқиғаларға тоқталамыз.

2023 жылы 25 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы, Беларусь және Қырғызстан премьер-министрлерін қабылдады. Кездесуде Қазақстанның аталмыш елдермен экономикалық қарым-қатынастары талқыланды. Ресей Федерациясы, Беларусь және Қырғызстан премьер-министрлері Астанада ұйымдастырылған «Иннопром Қазақстан 2023» Халықаралық өнеркәсіп жәрмеңкесінің беташарына қатысты.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сол күні Татарстан Республикасының басшысы Рустам Миннихановты қабылдады. Кездесуде Қазақстан мен Татарстан қарым-қатынастары қолға алынды. Татарстан Республикасының басшысы Рустам Минниханов 26-27 қыркүйек арасында Түрікменстанға іс сапармен барды. Аркадаг қаласында Рустам Минниханов Түрікменстан Халық Мәслихатының төрағасы Құрбанқұлы Бердімұхаммедов және президент Сердар Бердімұхаммедовпен жеке-жеке кездесті. Рустам Минниханов Түрікменстан Тәуелсіздік мерекесі рәсімдерінің құрметті қонағы болды.

2023 жылы 26 қыркүйекте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қырғызстан Мәжілісінің төрағасы Нұрланбек Шакиевті қабылдады. Кездесуде Өзбекстан мен Қырғызстан стратегиялық қарым-қатынастарына байланысты тақырыптар талқыланды. Қырғызстан Мәжілісінің төрағасы Нұрланбек Шакиев сол күні Өзбекстанның Заң шығарушы Ассамблеясының төрағасы Нуриддин Исмоилов және Жоғарғы Мәжіліс төрайымы Танзила Нарбаевамен кездесулер өткізді.

2023 жылы 28 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Берлин Жаһандық диалог» форумында сөз сөйледі. Форум аясында Мемлекет басшысы Тоқаев Шри-Ланка президенті Ранил Викрмесингхемен кездесті.

2023 жылы 29 қыркүйекте Берлинде Орталық Азия-Германия саммиті ұйымдастырылды. Саммитке Германия премьер-министрі, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан президенттері, Түрікменстан Халық Мәслихатының төрағасы қатысты. Саммитте Германияның Орталық Азия елдерімен қарым-қатынастары жан-жақтылы талқыланды. Орталық Азия басшылары Германия премьер-министрі Олаф Шольцпен екі жақтылы кездесулер өткізді. Қырғызстан мен Германия үкіметтері арасында «Көш және алмасу» тақырыбында ортақ мәлімдемеге қол қойды. Сол күні Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Орталық Азия елдерінің басшыларымен ұжымдық және екіжақты кездесулер өткізді.

Саммит аясында Орталық Азия елдерінің президенттері неміс іскерлер әлемінің жетекші өкілдерімен кездесті. Сонымен қатар Орталық Азия елдерінің басшылары неміс компанияларының өкілдерімен жеке кездесулер өткізді.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Әзербайжанға ресми сапармен барды. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев президент Ердоғанды Нахчыванда рәсіммен күтіп алды. Кездесулерден кейін екі ел арасында 3 келісімге қол қойылды. Президенттер Ыгдыр-Нахчыван Табиғи газ құбыр желісінің іргесін қалады және Нахчыван Әскери өндіріс базасының бетін ашты.

2023 жылы 28-29 қыркүйек арасында Әзербайжан премьер-министрі Әли Асадов Тәжікстанға іс сапармен барды. Премьер-министр Асадов Тәжікстан премьер-министрі Кохир Расулзодамен кездесті және «Душанбе-2023» Халықаралық инвестициялық форумына қатысты.

Оқиғалардан байқалғанындай, өткен апта Түркі Республикалары үшін табысты өтті. Президент Ердоғанның Нахчыван сапары мен жасалған келісімдер Түркі Республикаларының тұтастығында маңызды рол атқарады.



Ұқсас жаңалықтар