1932 жылы бір түрік қызының «Әлем аруы» болып сайланғанын білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 57

2044717
1932 жылы бір түрік қызының «Әлем аруы» болып сайланғанын білетін бе едіңіз?

1932 жылы бір түрік қызының «Әлем аруы» болып сайланғанын білетін бе едіңіз?

1923 жылы 29 қазан күні құрылған Түркия Республикасының тұңғыш сұлулық байқауы 1929 жылы өтті. Үкімет тарапынан да қолдау көрсетілген бұл байқаудың жеңімпазы Фериха Тевфик ханым болды.

1930 жылы өткізілген байқауға достарының талабымен қатысқан Кериман Халис отбасы рұқсат бермегені себепті екінші турға қатыса алмады. Екі жылдан кейін 1932 жылы отбасының рұқсатымен төртінші «Түрік аруы» сұлулық байқауына қатысып, бірінші орын алды.

Содан кейін 1932 жылы 31 шілде күні Бельгияның Спа қаласында өткен «Әлем аруы» сұлулық байқауында Түркия атынан өкілдік жасайды. Бұл шарада Кериман Халисті 28 елдің арасынан «Әлемдік сұлулық ханшайымы» сайлады және «Vive la Mustafa Kemal, Vive la Miss Turquie!” (Көп жаса Мұстафа Кемал!Көп жаса Түркия аруы!) ұранымен сахнаға түрік туын көтеріп шығып, көрермендерді қошеметпен қарсы алады.

Байқау аяқталған соң Түркияға оралған Кериман Халисті қалың жұртшылық қарсы алып, Мұстафа Кемалдың сұранысы бойынша оның құрметіне бір кеш ұйымдастырылады. Осы кеште Кериман Халисті маңдайынан сүйген Мұстафа Кемал «Мен сені Эдже деп атаймын» дейді.

Түрік әйеліне маңызды бір қызмет жүктеген және әйелдер құқығы үшін жүргізілген күресте маңызды деп есептелетін бұл оқиғадан кейін 1934 жылы қабылданған «Тегі» заңы аясында Кериман Халиске Ататүрік тарапынан «ханшайым» деген мағынаны білдіретін «Эдже» тегі берілді.

Кериман Халис Эдже жас Түркия Республикасын әлемге таныту, танымал ету және қабылдатқызу үшін көптеген жобаның жарнамалық тұлғасы болу міндетін мойнына алды. Ол елдің бірегейлігін және басқа елдер арасындағы орнын анықтауда маңызды рөл атқарды. Кериман Халис Эджеден кейін «Әлем аруы» атағын алған екінші түрік 2002 жылы Азра Акын болды.



Ұқсас жаңалықтар