«Ыспарта Улуборлу шілтері»

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері – 56-2023

2044300
«Ыспарта Улуборлу шілтері»

«Ыспарта Улуборлу шілтері»

Тіркелу уақыты:  09.05.2022

Түркияның Жерорта теңізі аймағына орналасқан Ыспарта қаласының Улуборлу ауданының атымен аталған «Ыспарта Улуборлу шілтері» Улуборлу аудандық қала әкімшілігінің өтініші бойынша 2022 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері арасына енді. «Ыспарта Улуборлу шілтері» «ілмек» деп аталатын кішкентай қармақты біз арқылы жіңішке жіппен тоқылатын шілтер түрі. Төрт бұрышты түрлі-түсті орамалдың шетіне тоқылатын «Ыспарта Улуборлу шілтері» ұзақ уақыттан бері аймақтағы бойжеткен қыздардың жасауында өз орнын иелеп келеді. «Улуборлу шілтерінде» раушан гүлінің өрнегі кеңінен таңдалғанымен, табиғатта кездесетін бадам, қара өрік, қалампыр гүлі, сүмбіл, шегіргүл, шие сияқты гүл және жеміс мотивтері де қолданылады.

Тоқылу процесі толығымен қолөнеріне негізделген шілтер өндірісі дәстүрлі түрік қолөнерінің ең сирек үлгілерінің бірі болып табылады. Қажетті өрнектері салынғаннан кейін шілтерді крахмалдау арқылы қатайту керек. Ол үшін әдетте көктемде жер астынан қазып алынатын мияжапырақ өсімдігі тамырының сүті пайдаланылады. Шілтерді тоқыған шебер таңдаған мотивке байланысты жасыл, қызғылт, сары, қызыл және күлгін жіптерді бір уақытта пайдалана алады. Сондықтан «Улуборлу шілтері» кестеленген ақ орамалға жанды түс қосады.  



Ұқсас жаңалықтар